Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы туралы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы туралы

А.ж. 28 қаңтарда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысын өткізді.

Сәбит Нұрлыбай отырысты ашып, Комитеттің есептік жылдағы қызметі мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ ведомствоға жүктелген басым міндеттерді іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Алқа отырысында Комитет Төрағасы орынбасарларының жетекшілік ететін бағыттары, оның ішінде қадағалау, цифрландыру, сондай-ақ болжамдық-талдау жобаларын іске асыру, Таргетинг-орталықтың жұмысы және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері бойынша есептері тыңдалды.

Қадағалау қызметі шеңберінде Комитет және оның аумақтық департаменттері 839 тексеру, 16,3 мыңнан астам мониторинг және 900 талдау жүргізді. Олардың нәтижесі бойынша 64 мыңнан астам бұзушылық анықталды, 3,9 мың прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. 13 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Азаматтарға 7,2 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтамаларды, ресми құжаттарға апостиль қою, архивтік анықтамалар мен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беру.

Құқықтық статистика органдарының және жалпы құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ақпараттық жүйелерді жетілдіру және дамыту, процестерді цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу жұмыстары жалғастырылуда.

Цифрландыру нәтижесінде электрондық форматта тергеліп жатқан қылмыстық істердің үлесі 93%-дан асты, ӘІБТ жүйесі арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 99% хаттама мен қаулы толтырылды. Бизнес заңсыз тексерулерден ТСОБТ жүйеде сенімді түрде қорғалған.

ӘІБТ және ТСОБТ жүйелерінде инвесторларға қатысты тексерулерді келісу және әкімшілік іс жүргізуді қозғау рәсімі автоматтандырылды, яғни «прокурорлық сүзгі» деп аталатын шара қолданылды. Нәтижесінде, 2025 жылы 800-ден астам негізсіз шешім кері қайтарылды, оның ішінде 400 заңсыз тексеру мен 482 әкімшілік істің жолы кесілді.

Мемлекет басшысының Комитеттің қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау жұмысын қайта форматтау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді ерте анықтау және алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жаңа Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы құрылды, онда жасанды интеллектті пайдалану арқылы «Көшедегі қылмыстарды болжау», «Қайталама құқық бұзушылықтар жасауды болжау», «e-Otinish» АЖ деректері негізінде тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ «Медиа кеңістікке мониторинг жүргізу» модельдері іске асырылуда.

Қазіргі заманғы наркотизмом  байланысты қауіп-қатерлерді бейтараптандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы қылмыстардың ресурстық негізін жою мақсатында Комитет құрылымында «Ұлттық Таргетинг-орталығы» құрылды, ол енгізілген жасанды интеллект көмегімен химиялық прекурсорлардың импорты және ішкі айналымы туралы мәліметтерді жинап, талдайды, синтетикалық және басқа да есірткілердің заңсыз айналымымен күресу саласындағы тенденцияларды анықтайды.

Жұмысты қорытындылай келе,  Сабит Нұрлыбай Комитет пен оның аумақтық органдарының басым бағыттарын айқындады, мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ жоғары басшылықтың алдағы кезеңге қойған тапсырмаларын сапалы орындау бойынша нақты міндеттерді белгіледі, сондай-ақ Комитеттің болжамды-талдау қызметін жетілдіруге, цифрландыруға және жасанды интеллекті енгізуге, қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуді үйлестіруге бағыт берді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті