Армения Республикасының Ішкі істер министрлігі делегациясымен жұмыс кездесудің қорытындылары туралы

Армения Республикасының Ішкі істер министрлігі делегациясымен жұмыс кездесудің қорытындылары туралы

2025 жылғы 17 желтоқсанда Армения Республикасының Ішкі істер министрлігінің орынбасары Казарян Армен Микаеловичтің жетекшілігімен Ішкі істер министрлігінің делегациясы жұмыс сапары шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетіне келді.

Кездесудің мақсаты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін цифрландыру мәселелерін талқылау болды.

Өкізілген кездесу аясында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай қонақтарды Қазақстанның прокуратура органдарының құқық қорғау қызметін цифрландырудағы үйлестіруші рөлі туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жинақталған құқықтық ақпарат негізінде қылмыстық және әкімшілік процестерде ақпараттық, оның ішінде жасанды интеллект элементтері бар жүйелерді енгізіп дамытуда, қазірдің өзінде олар оң нәтиже көрсетуде.

Криминалистикалық зерттеулер мен сараптамаларды тағайындау және алу автоматтандырылды, адвокаттарды электрондық тағайындау көзделген.

Азаматтарды қылмыстың жай-күйі және жол-көлік оқиғалары туралы ақпараттандыру мақсатында біздің ақпараттық жүйелер базасында «Геоақпараттық карталар» іске асырылды. Олар көшелерге дейін өзекті ақпаратты көрсетеді.

Сонымен қатар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал ететін басқа да жүйелер мен қызметтер бар екендігі атап өтілді.

Өз іссапарын қорытындылай келе, Армения Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы құқық қорғау қызметін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтіп, қабылдағаны үшін алғысын және одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті