2025 жылғы 10 қазанда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры М.Т. Хамидов және ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Р.Т. Ильясовпен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты халықаралық ынтымақтастықты нығайту және наркотизмге қарсы күрес мәселелерін талқылау болды.
Іс-шара аясында Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай Мемлекет басшысының «Орталық Азия-Ресей» екінші саммитінде айтқан «әлемде есірткінің, әсіресе синтетикалық заңсыз айналымы елеулі алаңдаушылық туғызып отырғаны» туралы сөздеріне тоқтала кетіп, қонақтарды Бас прокуратура ведомствосының қызметі туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, Комитет жинақталған құқықтық ақпарат негізінде бірегей ақпараттық-талдау жүйелерін енгізіп, дамытуда, оның көмегімен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал ететін қылмыстық және әкімшілік процестердің барлық кезеңдері цифрландырылды.
Жаңадан құрылған Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың жұмысын талқылауға және оның ОАӨАҮО-мен одан әрі ынтымақтастығының перспективаларына ерекше назар аударылады.
Тараптар накротизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті