«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасыны Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз релизі

2020 жылы 8 қазанда нормативті құқықтық актілер интернет – порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5096162) «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасыны Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) орналастырылды.

Бұл жоба 2020 жылғы 13 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығын және «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуратурасының құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

Комитеті