Әлеуметтік желілерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - СДТБТ) ақпараттық жүйесінде мәліметтерді жою туралы ақпаратты таратуға қатысты ақпараттық жүйенің архитектурасы қандай да бір ақпаратты жоюдың техникалық мүмкіндігі болмайтындай етіп құрылғаны туралы хабарланады.
Ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануда, ақпараттандыру объектілерінің маңызды тізбесіне кіреді және уәкілетті органдар ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексере отырып жүргізетін, тоқсан сайын аудиттен өтеді.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйе пайдаланушылары мен әкімшілерінің барлық әрекеттері жазылатын бағдарламалық және аппараттық құралдар қолданылады.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйе тәулік бойы қауіп-қатерлерді бақылайтын, талдайтын және оларға ден қоятын Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығына (АҚҚБ) қосылған.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті