Бүгін Ақтөбе қаласында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің жасөспірімдер қылмысының, суицидтің, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың цифрлық профилактикасын цифрландыру мәселесі бойынша кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасары Ғ. Қойгелдиев, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Төрағасы Қ. Сұлтанбаев, облыс әкімі А. Шахаров, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д. Зәкиева, сондай-ақ өңірлік құқық қорғау, арнаулы және басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкенев жасөспірімдер қылмысының, суицидтің, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған цифрлық шешімдермен таныстырды.
«Жеке профилактикалық шараларды қажет ететін тұлғалардың тізілімі» модулі отбасы мен тұрмыстық салада жеке тұлғаға және қоғамдық тәртіпке қарсы жүйелі түрде біртекті әкімшілік құқық бұзушылықтар жасайтын азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді. Тізілімде қазірдің өзінде Ақтөбе облысының 500-ге жуық тұрғыны есепке алынған, олармен кешенді жұмыстарды жүргізу арқылы өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасалуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Келесі құрал – «e-Otinish» жүйесінде негізгі сөздерге негізделген тәуекелдерді анықтаудың талдамалық моделі буллингпен, зорлық-зомбылықпен және басқа да әлеуметтік-сезімтал мәселелермен байланысты жолданымдарды табады, сондай-ақ оларды формальды немесе сапасыз қарау туралы хабардар етеді.
Спикер, бұл құралдар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойнша құрылған Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының пилоттық жобалар портфеліне кіретінін атап өтті.
Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қатысушыларға Комитеттің цифрлық шешімдерін жалпы және жеке профилактика тәжірибесіне белсенді түрде енгізу ұсынылды.
Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі цифрландыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті