«Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қайтаруға жататын және қайтарылған қылмыстық жолмен алынған сомалармен байланысты арнайы есепке алуды жүргізу туралы» бұйрығының жобасы туралы баспасөз хабарламасы

2020 жылғы 5 қазанда НҚА ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5066866) «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қайтаруға жататын және қайтарылған қылмыстық жолмен алынған сомалармен байланысты арнайы есепке алуды жүргізу туралы» Бас Прокурордың бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жарияланды.

Осы жоба 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру аясында әзірленген.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының Құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитеті