«Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2025 жылғы 17 шілдеде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15555644) «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астана мен Республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде іске асырылды.

Жобаларда құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің Тізбесін бекіту туралы функцияны Үкіметтен Бас Прокурорға беру көзделген.

Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.