2025 жылғы 17 шілдеде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15555660) ««Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Бас Прокурордың бұйрығының жобасы орналастырылған.
Осы жобамен салынған әкімшілік жазаларға шағымдану тәртібі оңайлатылды, ақпараттық есепке алу құжаты ӘҚБтК-нің 851-1-бабының тәртібімен «қоғамдық жұмыстар» (әкімшілік жазаның жаңа түрі), «ұсыныс енгізілді», «наразылық» деректемелерімен толықтырылды.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.