Ашық Үкімет порталында интернет-конференция өткізу туралы

Ашық Үкімет порталында интернет-конференция  өткізу туралы

Құрметті қолданушы!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы: «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру»» тақырыбында порталда ашық Үкімет интернет-конференциясы өткізілетінін хабарлайды.
Интернет-конференция халықты ақпараттандыру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты Сіздерді 2020 жылдың 30 қыркүйегінде (9:00 -13:30 сағат аралығында) жүргізілетін интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.
Интернет-конференцияға қатысу үшін https://dialog.egov.kz/conference/1412 сілтемесіне басу қажет.

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуратурасының құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

Комитеті