«Тергеушінің цифрлық көмекшісін» пилоттық сынақтан өткізуді іске қосу туралы

«Тергеушінің цифрлық көмекшісін» пилоттық сынақтан өткізуді іске қосу туралы

2025 жылғы 14 шілдеде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасы Сәбит Нұрлыбай Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов пен Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сейітжаппарұлы Сәрсеновтың қатысуымен Қосшы қ. Полиция бөлімінің базасында Комитеттің «Цифрлық көмекші» жобасының апробациясын іске қосты.

Бұл жобаны Комитет Мемлекет басшысының қылмыстық істерді тергеуге және қылмыстық қауіптерді болжауға жасанды интеллектті енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, іске асыруда.

«Цифрлық көмекші» - бұл жай ғана құрал емес, қылмысты ашуда тергеушінің толық көмекшісі. Орнатылған жасанды интеллекттің, үлкен деректердің көмегімен жүйе істер арасындағы байланысты таба алады, болжам жасай алады және тергеу жүргізу үшін ғана емес, сондай-ақ қылмыстың алдын алу үшін де ұсыныстар бере алады. Жобаның тұсаукесері барысында оның тәжірибелік қолданылуы талқыланды, онда Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев «цифрлық көмекшінің» ыңғайлылығын атап өтті, өйткені модуль тергеушілерді белгілі бір айтарлықтай жұмыстан босатады.

 Жалпы, жүйе бірнеше модульдерден тұрады.

Тергеп-тексеруді жоспарлау – СДТБТ-да тіркелгеннен кейін жүйе бірден құқық бұзушылықтың саралануын анықтайды, тергеу барысын белгіленген жағдайларды ескере отырып жоспарлайды, кімнен жауап алу, қандай сараптама тағайындау керектігі туралы ұсыныстар береді. Жоспар жаңа деректер алынған сайын автоматты түрде жаңартылады.

Айғақтарды өңдеу - жасанды интеллект жауап алу кезінде сөз сөйлеуді таниды және оны мәтінге айналдырады. Көрсеткіштер және адамның мінез-құлқы талданып, қайшылықтарды көрсетеді.

Құжаттарды қалыптастыру - жауап алу қорытындысы бойынша жүйе құжаттың мәтінін автоматты түрде қалыптастырады. Тергеуші тек құжатты тексеріп, қол қоюы керек. Бұл айтарлықтай уақыт ресурстарын үнемдейді.

Аналитика және болжау модулі - қылмыстық істер бойынша қолда бар жүйелі деректердің көмегімен, қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл ҚПК-нің 200-бабына сәйкес тергеушілерді уәкілетті органдарға сапалы ұсыну енгізуге көмектеседі.

Жүйе қосымша ақпаратты енгізбеуге мүмкіндік беретін Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімімен толық біріктірілетін болады.

Сонымен қатар, жүйе қорытынды құжаттарды цифрлық форматта қалыптастыруға көмектеседі. Ол белгілі бір істің материалдарын ғана емес, осыған ұқсас мән-жайлар бойынша сот тәжірибесін де ескереді.

Құқық қорғау қызметін цифрландыру - Бас Прокурордың бақылауындағы құқықтық саланы жаңғыртудың басым блогы болып табылады.

 

# Заң_мен_Тәртіп

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті