«Тергеушінің цифрлық көмекшісін» пилоттық сынақтан өткізуді іске қосу туралы

«Тергеушінің цифрлық көмекшісін» пилоттық сынақтан өткізуді іске қосу туралы

2025 жылғы 19 маусымда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасы Сәбит Нұрлыбай мен Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана қ. «Есіл» ауданының полициясы басқармасы базасында «Цифрлық көмекшіні» пилоттық сынақтан өткізуге қатысты.

Бұл жобаны Комитет Мемлекет басшысының жасанды интеллектті енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, іске асыруда.

«Цифрлық көмекші» - бұл жай ғана құрал емес, қылмысты ашуда тергеушінің толық көмекшісі. Орнатылған жасанды интеллекттің, үлкен деректердің көмегімен жүйе істер арасындағы байланысты таба алады, болжам жасай алады және тергеу жүргізу үшін ғана емес, сондай-ақ қылмыстың алдын алу үшін де ұсыныстар бере алады. Бұл сондай-ақ қоғамдағы «Заң мен Тәртіп» қағидасын одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді.

 Жалпы, жүйе бірнеше модульдерден тұрады.

Тергеп-тексеруді жоспарлау – СДТБТ-да тіркелгеннен кейін жүйе бірден құқық бұзушылықтың саралануын анықтайды, тергеу барысын белгіленген жағдайларды ескере отырып жоспарлайды, кімнен жауап алу, қандай сараптама тағайындау керектігі туралы ұсыныстар береді. Жоспар жаңа деректер алынған сайын автоматты түрде жаңартылады.

Айғақтарды өңдеу - жасанды интеллект жауап алу кезінде сөз сөйлеуді таниды және оны мәтінге айналдырады. Көрсеткіштер және адамның мінез-құлқы талданып, қайшылықтарды көрсетеді.

Құжаттарды қалыптастыру - жауап алу қорытындысы бойынша жүйе құжаттың мәтінін автоматты түрде қалыптастырады. Тергеуші тек құжатты тексеріп, қол қоюы керек. Бұл айтарлықтай уақыт ресурстарын үнемдейді.

Сонымен қатар, жүйе қорытынды құжаттарды цифрлық форматта қалыптастыруға көмектеседі. Ол белгілі бір істің материалдарын ғана емес, осыған ұқсас жағдайлар бойынша сот тәжірибесін де ескереді.

Құқық қорғау қызметін цифрландыру - бұл Қазақстанда заманауи технологияларды қолдана отырып, тұрақты режимде жүргізілетін құқықтық саланы жаңғыртудың басым бағыты.

# Заң_мен_Тәртіп

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті