2025 жылғы 3 маусымда Комитет Төрағасы 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сәбит Нұрлыбай мен Институт директоры Индира Оралқызы Әубәкірованың қатысуымен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Заңнама институтымен серіктестік оның ғылыми әлеуетін, Комитеттің үлкен деректерін (BIG DATA) және оның ІТ-технологияларын қолдана отырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған нақты шараларды, сондай-ақ заңнамалық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Деректермен алмасу, бірлескен зерттеулер, семинарлар мен конференциялар өткізуге ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға Комитеттің енгізілген бірегей ақпараттық-талдау жүйелері көрсетілді, оның көмегімен қылмыстық және әкімшілік процестердің барлық кезеңдері цифрландырылды, сондай-ақ «e-Otinish» ақпараттық жүйесі негізінде тәуекелдерді болжаудың талдамалық моделі көрсетілді.
Меморандумға қол қою ынтымақтастықты одан әрі нығайтады және елдегі заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті