2025 жылғы 31 наурызында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15502494) Бас Прокурордың «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрық жобасына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.
Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2025 жылғы 31 наурызында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15502693) Бас Прокурордың «Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрық жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2025 жылғы 31 наурызында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15502422) Бас Прокурордың «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ аттестаттау кезінде кейіннен есепке алу үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасыруға жол беретін қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің тізбесін енгізу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алу тетіктерін жетілдіру және оларды жасыру фактілерін болғызбау.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2025 жылғы 12 наурызда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15484560) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының ««Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 қарашадағы № 136-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (есеп азаматтық істерді қарау жөніндегі конституциялық соттың жұмысы туралы нысанмен толықтырылды) Заңын жүзеге асыру аясында.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2025 жылғы 25 ақпанда Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің өкілдері Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде жұмыс іс-сапарымен болды.
Жұмыс отырысы барысында Комитеттің ақпараттық жүйелері мен сервистері, оның ішінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (СДТБТ), Электрондық қылмыстық іс (Е-ҚІ), СДТБТ Жария секторы, Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі (ҚАО ААЖ) көрсетілді.
Қонақтардың назарын СДТБТ Жария секторының жұмысы қызықтырды, ол арқылы қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі іс жүргізудің қажетті процессуалдық құжаттарымен қашықтан таныса алады немесе сұрата алады.
Іс-сапарды қорытындылай келе, Беларусь Республикасының Тергеу комитеті Төрағасының орынбасары О. Шандарович қадағалау және құқық қорғау қызметін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті.
Беларусь делегациясы оларды қарсы алғандығы және қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша берілген ақпарат үшін алғыс білдірді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысты.
https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/12898
#Заң_мен_Тәртіп
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
2025 жылғы 17 ақпанында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15448196) Бас Прокурордың «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру аясында:
2024 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есебінің 5-бөлімі (бұдан әрі – есеп) кассациялық соттың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудағы жұмысын, есептің 6-бөлімі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудағы жұмысын көрсетеді;
2025 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» есептің 1 және 3 бөлімдері «қоғамдық жұмыстар» бағандарымен толықтырылды - әкімшілік жазаның жаңа негізгі түрі.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2025 жылғы 14 ақпанында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15444593) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру аясында:
прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін қозғау немесе оларды бекітуден бас тарту туралы шешімдерді үйлестіру құқығы жүзеге асырылады;
ақпараттық есеп құжаты реквизиттермен «қоғамдық жұмыстар» - әкімшілік жазаның жаңа негізгі түрімен толықтырылады.
Әкімшілік іс жүргізудің Бірыңғай тізілімін жүргізу Қағидаларына сәйкес құқық бұзушыны медициналық тексеруге жіберу және жол-көлік оқиғасының диаграммаларын жасау процесі автоматтандырылған.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2025 жылғы 14 ақпанында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15444542) Бас Прокурордың «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Бұл жоба ҚР 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 156-VIII «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру аясында Бас Прокурордың қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді:
2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 «Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы»;
2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 «Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы».
Атап айтқанда, теріс себептермен мемлекеттік, құқық қорғау, әскери органдардан босатылған адамдарға қатысты мәліметті, дәлелді себепсіз қатарынан үш немесе одан да көп сағат қызметке келмеуіне байланысты олар жұмыстан шығарылған күннен бастап екі жылдан кейін арнайы есебінен алынып тасталады.
Арнайы мемлекеттік органдардан босатылған адамдарға қатысты мәліметті, дәлелді себепсіз қатарынан үш немесе одан да көп сағат қызметке келмеуіне байланысты олар жұмыстан шығарылған күннен бастап бес жылдан кейін арнайы есебінен алынып тасталады.
Теріс себептермен мемлекеттік, құқық қорғау, әскери және арнайы қызметтерден босатылған адамдарға қатысты қалған мәліметтер тұрақты сақтау мерзіміне жатады.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдар туралы мәліметтер жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза салынған адамдар туралы мәліметтерді қоспағанда, жаза тағылған сәттен бастап 6 ай ішінде сақтауға жатады.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған адамдар туралы мәліметтер жаза тағылған сәттен бастап 2 жыл сақталады.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
А.ж. 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай және Комитеттің қызметкерлері «Digital Almaty 2025» цифрландыру бойынша жетінші халықаралық форумға қатысты.
Форумның негізгі тақырыбы – «жасанды интеллектті» қолдану.
Форумға мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдері, IT-компаниялар, халықаралық сарапшылар, венчурлік және халықаралық инвесторлар қатысты.
Форум аясында, Қазақстан Республикасы Әзірбайжан, Беларусь, Өзбекстан Премьер-Министрлерінің, Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президентінің, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігі басшысының, Ресей Федерациясының Үкіметі Төрағасының, Армения Республикасы Вице-Премьерінің, ЕЭК Алқасы Төрағасының және т.б. қатысуымен пленарлық отырыс өтті.
Digital Almaty алаңында Комитет жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, «Мемлекеттік айыптаушы», тергеу әрекеттерін транскрибициялау жүйесі сияқты ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ Комитет «Qamqor.gov.kz» порталында іске асырылған азаматтар үшін ақпараттық мүмкіндіктер көрсетілді.
Комитет көрсеткен ақпараттық жүйелер форум қатысушылары арасында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, БАҚ, оның ішінде шетелдік БАҚ өкілдері арасында кең қызығушылыққа ие болды.
Қазақстан Республикасы Бас прокураруасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті