

Кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша заңды өкілдерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
А.ж. 5 айда 2 474 тұлға 14 646 711 теңге сомасына айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. Осы норманы бұзғаны үшін 46-дан астам тұлғаға ескерту түрінде жаза тағайындалған.
Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін (ӘҚБтК 442-бабы 3-бөлігі) 2 001 тұлғаға 30 274 003 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл жеті айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Аймақ бойынша аталған санаттағы ең көп құқық бұзушылықтар:
Шымкент қ. – 4 425,
Түркістан – 4 122,
Алматы – 4 036,
Жамбыл – 3 865
Манғыстау – 3 549 облыстарында тіркелген.