Меню
Страницы

Қазақстанда 10 мыңнан аса адам іздестірілуде

Қазіргі уақытта 10 603 адам іздестірілуде, олардың 2 142 хабар-ошарсыз жоғалғандар. Хабар-ошарсыз жоғалғандардың көп бөлігі Алматы қаласында (284), Қарағанды (220), Павлодар (166) және Алматы (165) облыстарында тіркелген.

Әртүрлі жағдайларда 30 - дан 49 жас аралығындағы ер адамдар ең жиі жоғалады (77%).

Үйінен шығып, қайта оралмағандар – 1 605 және автокөлікпен жоғалғандар - 75, жұмыстан шыққандар - 36 адам.

Сондай-ақ, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 335 адам іздестіруде жүр. Іздестіруде  жүргендер  негізінен 31-ден 40 жас аралығындағы ер адамдар екенін атап өту қажет (89%).

Олардың көп бөлігі, Алматы қ. (501), Астана қ. (182), Шымкент қ. (146), Алматы (149) және Қарағанды облысында (144), алаяқтық (509), ұрлық (312) және адам өлтіру (146) үшін іздеуге салынғандар.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз.

Барлық іздестіру істерінің тіркелуін, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық банкі деректерінің өзара іс-қимылын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

Социальные медиа
youtube
telegram
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Меню подвал
Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары