Қазақстан полициясы соңғы қоңырауға қалай дайындалды

Қазақстан полициясы соңғы қоңырауға қалай дайындалды

Соңғы қоңырау – бұл тек мектеп түлектері үшін ғана емес, еліміздің барлық оқушылары үшін де өте маңызды оқиға. Сондықтан барлық өңірлердің полиция органдары осы ауқымды іс-шараға және ондағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге алдын ала дайындалды.

Оқушылар, сондай-ақ олардың ата-аналары мен туыстары, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері осы күні оқу жылын салтанатты түрде аяқтап, түлектер жаңа өмірге қадам басады. Алдын ала әрбір оқу орнына полиция қызметкерлерінің арасынан қосымша құқықтық тәртіп күштері бекітілді.

Полицияи жасақтары соңғы қоңыраудан кейін балалар болуы мүмкін іс-шаралар мен демалыс орындарына барынша жақын.

Іс-шараларды өткізу кезінде еліміздің оқу орындарында және оған іргелес аумақта 9 мыңнан астам (9023) полиция қызметкері, оның ішінде қалаларда – 3863, ауылдарда – 5170, сондай-ақ 2,5 мыңға жуық бірлік автокөлік жұмылдырылды.

Өткізілетін іс-шаралар бойынша жағдай аумақтық полиция департаменттері басшылығының бақылауында.