Таразда мас жүргізуші көлік айдау құқығынан айырылды

Таразда мас жүргізуші көлік айдау құқығынан айырылды

Тараз қаласының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен түнгі патрульдеу жұмыстары кезінде жол ережесін бұзған Mersedec-Benz автокөлігі тоқтатылды.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның масаң күйде екендігі байқалған. Автокөлік жүргізушісі арнайы сараптамаға жіберіліп, дәрігерлермен оның алкогольдік ішімдік ішкені расталды.

Жүргізуші мерекелік отырыста шарап ішіп, көлік басқаруға отырған және полиция қызметкерлері тоқтатады деп ойламағанын түсіндірді.

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 15 тәулікке қамаққа алынды және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.