ЖҰРТҚА ЖАҚЫН ПОЛИЦИЯ

ЖҰРТҚА ЖАҚЫН ПОЛИЦИЯ

Учаскелік пункттер мен модульдік полиция бекеттерінің желісі кеңеюде

Ішкі істер органдары жүйесінде «Жұртқа жақын полиция» қағидаты іске асырылуда. Полицияның қоғамдық орындарда тұрақты болуы қамтамасыз етіледі.

Қалалардың ең криминогендік учаскелерінде дамыған елдердің тәжірибесі бойынша тәулік бойы жұмыс істеу және азаматтарды қабылдау үшін заманауи стационарлық полиция бекеттері орнатылады.

Жекелеген учаскелер мен адамдар көп жиналатын орындардың криминогенділігін ескере отырып, полицияның тәулік бойғы модульдік бекеттерін оңтайлы орналастыру орындарын кеңейту және айқындау, сондай-ақ «икемді» патрульдеуді енгізу іс-шаралары іске асырылуда.

«Икемді» патрульдеу қағидаты құқық бұзушылықтардың тиімді профилактикасын және азаматтар жаппай болатын орындарында (көшелерді, саябақтарды, скверлерді, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды) құқық бұзушылықтардың ықтимал жасалуын патрульдік нарядтармен барынша қамтуды қамтамасыз етеді.

«Икемді» патрульдеу жүйесінің негізі электрондық карталар, ЖБО геоақпараттық жүйесі оқиғаларының динамикасы және «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» негізінде жедел жағдай мен авариялыққа статистикалық талдау жасау болып табылады.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күн сайын 13,5 мыңға жуық полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері шығады.

Жаяу патрульдеуге – шамамен 9 мың ІІО қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, автопатрульдеуге – шамамен 4 мың ІІО қызметкері жұмылдырылды.

5 жыл ішінде (2021-2025 ж.ж.) 390 учаскелік полиция пункттерінің (қалаларда – 133 және ауылдарда – 257) және 176 модульдік стационарлық бекеттердің құрылысы жоспарланған. Жаңа тұрғын үй кешендерінде учаскелік полиция пункттерін салу мәселесі қарастырылуда.