Жамбыл облысының полицейлері борышкерлерден 30 миллионнан астам теңге өндіріп алды

Жамбыл облысының полицейлері борышкерлерден 30 миллионнан астам теңге өндіріп алды

Жамбыл облысының полицейлері борышкерлерден 30 миллионнан астам теңге өндіріп алды. Бұл туралы ІІМ-нің апталық брифингінде ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

Өткен аптада Жамбыл облысында “Борышкер-2021″жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Акцияның мақсаты – “нөлдік төзімділік” қағидатын, жол берілген бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру.

– 2021 жылғы материалдар бойынша өндіріп алынған қаржы 17 миллион 779 мың теңгені құрады. Сот орындаушыларының қаулылары бойынша мамандандырылған тұраққа борышкерлердің 229 автокөлік құралы орналастырылды, – деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы Мәмбет Смайылов.

Әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуге тиіс. Айыппұлды төлеу қажеттігі туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде ол өңірлік сот орындаушылары палатасына жіберіледі, олар мүлікке, шоттарға тыйым салады, сондай-ақ шекарадан өтуге шектеу қояды.

Polisia.kz