Ақтөбеде 17 өңірден келген 2,5 мың жас спортшы бас қосты.

Ақтөбеде 17 өңірден келген 2,5 мың жас спортшы бас қосты.

    Бүгін V Жазғы ауыл жасөспірімдер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бір апта бойы спортшылар спорттың 10 түрінен бақ сынайды.
    Ашылу рәсімінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан қатысушыларды құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде бұқаралық спортты дамыту және спорттық инфрақұрылымды арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
    Ол жас ұрпақтың отаншыл, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор әрі жаңашыл болуы маңызды екенін атап өтті.

    Іс-шараға сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ювеналды полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дүйсенбеков Асхат Маратұлы және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Әлиев Қайыркен Жетпісбайұлы қатысты.

    Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақ арасында спортты дамытуға, болашағы зор спортшыларды анықтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған жарыс 22 қыркүйекке дейін жалғасады.

https://www.instagram.com/reel/DdW2qigMFFo/?stkn=MWhsM3hoamhsdm43eA==