ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
Әкімшілік полиция
16 января 2024
ІІМ қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша Жол жүрісі қағидаларында жаяу жүргіншілер туралы ұсынылған түзетуді алып тастады

Бұқаралық ақпарат құралдарында, бұрын «Ашық НҚА» порталында жарияланған Жол жүрісі қағидаларынің 16-тармағына енгізілген түзету жобасы халық пен сараптамалық қоғамдастық арасында кеңінен талқыланды.

Ұсынылған түзетуге сәйкес, реттелетін қозғалыс орындарында бағдаршамның немесе реттеушінің рұқсат беру сигналы қосылған кезде жаяу жүргіншілерге жол қиылысы арқылы бұрын бастаған қозғалысты аяқтайтау үшін көлік құралдарына жол беру ұсынылды.

Қазіргі уақытта қоғамдық пікірді және сараптамалық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, аталған түзету жобадан алынып тасталды.

Әкімшілік полиция
16 января 2024
ІІМ “Тұрмыс” профилактикалық іс-шарасын бастады

Оның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды уақтылы анықтау, сондай-ақ жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Іс-шара барысында мас күйде жасалған тұрмыстық қылмыстардың жолын кесуге ерекше назар аударылады. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған және тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, қолайсыз отбасыларды, сондай-ақ өз міндеттерін орындамайтын және алкоголь мен есірткіні пайдаланатын ата-аналарды тексереді.

Үкіметтік емес ұйымдардың дағдарыс орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсетіледі. Қолайсыз әлеуметтік ортадағы отбасыларды және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп, оларға көмек көрсететін мобильді топтар құрылды.

ІІМ азаматтардан тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлауды сұрайды. Полицейлер елімізде 111 сенім телефоны іске қосылғанын, оған қоңырау шалып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары туралы кеңес алуға болатынын еске салды. Сондай-ақ 102 телефоны да үнемі жұмыс істейді.

“Тұрмыс” республикалық профилактикалық іс-шарасы 15 қаңтардан бастап өткізіледі.

Әкімшілік полиция
08 января 2024
Жол-көлік оқиғасын ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу туралы

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды ресімдей алады. Бұл үшін мемлекет “Еурохаттама” арнайы мобильді қосымшасын әзірледі.

Қосымшаның көмегімен жүргізушілер өздері жол-көлік оқиғалары фактісін тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім береді.

“Еурохаттама” арқылы жол-көлік оқиғаларын ресімдеудің міндетті үш шарты бар:

1) Жол-көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде;

2) Жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болуы қажет. Сондай-ақ кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушіліктер болмаған кезде;

3) Апат салдарынан денсаулыққа залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген шығын сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ол 369 мың теңге.

– Осындай тәртіпте жол-көлік оқиғасын ресімдеу үшін мобильді телефонға “Еурохаттама” қосымшасын қосып алып, тіркелу рәсімін жүргізіп, оқиғаның фото және бейнематериалдарын салу керек.

Қосымшаны тиімді пайдалану мақсатында жол-көлік оқиғасының қатысушылары жақын жердегі полиция нарядына жүгіне алады, олар оны пайдалану кезінде көмек көрсетеді.

“Еурохаттаманың” артықшылығы неде:

Біріншіден. Азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғаларын ресімдеу үшін полицияны күтпейді, осылайша жолдардағы кептеліс жағдайлары төмендейді.

Екіншіден. Жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Үшіншіден. Сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Егер бұрын осының бәрі 30-дан 90 күнге дейін уақытты алса, қазір хаттама тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға шамамен бес күн кетеді.

Жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және жол-көлік оқиғаларын болдырмауға шақырамыз, – деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуаныш Тілекбаев.

20 декабря 2023
ІІМ кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарды ерте анықтау мақсатында арнайы іс-қимыл алгоритмін әзірледі
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасауға ықпал ететін тағы бір фактор – жергілікті атқарушы органдардың қолайсыз отбасылармен проблемаларды тиімсіз шешуі. ІІМ-нің тарапынан профилактикалық әсер етудің қолданыстағы тетіктері тек жазалаушы сипатқа ие, бұл балалардың жағдайын одан әрі ушықтырады. ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында осылай деді.

Оның айтуынша, жыл сайын балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 6 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Полицияның ұсынуы бойынша 700-ге жуық ата-ана құқықтарынан айырылады. Алайда, оның пайда болуына әсер еткен әлеуметтік мәселелердң шешпес бұрын, қылмыспен күресудің күштік әдістері күтілетін нәтиже әкелмейтіні белгілі. 

«Бұл ретте отбасындағы қолайсыздық – ішкі істер органдарының құзыретінен тыс шешілетін әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы проблема. Қолайсыз отбасылардағы жағдайды сауықтыру үшін кәмелетке толмағандардың тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша кешенді әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ олардың медициналық-психологиялық қызметтер алуы қажет. Мүдделі мемлекеттік органдарға осындай отбасыларға көмек көрсету туралы тиісті хабарламалар жолданды», – деді спикер. 

Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында ІІМ осы салада қабылданып жатқан шараларды үнемі жетілдіріп отырады. Мәселен, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарды ерте анықтау мақсатында арнайы іс-қимыл алгоритмін әзірленді. Алгоритм полиция қызметкерлерін балаларға жақындары тарапынан зорлық-зомбылық жасалғаны туралы әрбір хабарлама бойынша дереу қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ әкімдіктер жанындағы ведомствоаралық мобильді топтарға көмек көрсету үшін хабарлауға міндеттейді. Бұл топтарға бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, мүдделі мемлекеттік органдар, учаскелік полиция инспекторлары кіреді. 

«Балалардың құқықтарын бұзу фактілеріне жедел ден қою үшін Whatsapp-чаттар құрылды. Тәрбие жөніндегі міндеттерін атқармайтын 6 мыңнан астам ата-ана анықталып, есепке қойылды. Алгоритмге сәйкес ақпарат қорғаншылық және қамқоршылық органдарына және Бала құқықтары жөніндегі уәкілге берілді. Балалар «Балалар үйіне» орналастырылды», – деді ӘПК төрағасы. 

Айта кетерлігі, жұртшылықтың қатысуымен жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 3720 кәмелетке толмағандардың 3714-ін анықтады. Олардың барлығы ата-аналарына қайтарылды. 6-ның іздестіруі жалғасуда. Қазіргі уақытта ведомство Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін жазаны қатаңдату мәселелерін пысықтауда.

ortcom.kz

19 декабря 2023
Алматыда Sergek жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркейтін болады

Sergek интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды.

– Талдау көрсеткендей, ағымдағы жылдың 11 айында жол апатында 556 жаяу жүргінші қаза тапты, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде. Жүргізуші тәртібін арттыру өліммен аяқталған жол апаттарының азаюына ықпал етеді, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес “Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу” тіркеледі.

Мысалы, егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып саналмайды. Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады. Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып тіркеледі.

– Біздің интеллектуалды жүйе жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, ықтимал қауіпті жүргізушілерді анықтайды. Жаңашылдықтардың бірі – жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеу, – деп атап өтті әзірлеушілер.

Сонымен қатар интеллектуалды жүйе пилоттық режимде жүргізуші мен көлік құралының алдыңғы орындықтарының жолаушыларында бекітілмеген қауіпсіздік белдігі сияқты бұзушылықтарды тіркейді

29 ноября 2023
Үш күнде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге 140 мыңнан астам консультация берілді

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні” атты жыл сайынғы республикалық акциясы өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен профилактикалық жұмыс жүргізу, психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына оңалту қызметтерін ұсынатын мамандармен өзара іс-қимыл жасау.

Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге өз құқықтары туралы көбірек білуге және оларды пайдалануға көмектеседі, сонымен қатар агрессорға қалай әсер ету керектігі туралы айтады. Үш күн ішінде 800-ден астам қоғамдық іс-шара ұйымдастырылды. Олар мобильді акциялар, флешмобтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және тағы басқа жиын өтті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге 140 мыңнан астам консультация берілді. Оларға осы саладағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіретін жадынамалар, сондай-ақ дағдарыс орталықтарының байланыстары және “111”, “150” сенім телефондары беріледі. Бүгінгі таңда 170 мыңнан астам осындай үлестірме материал таратылды.

Жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жаппай болатын орындарында құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша билбордтар орнатып, плакаттар мен маңдайшалар орналастырды.

Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді. Акция басталғаннан бері полицейлер есепте тұрған 63 мыңнан астам адамды, оның ішінде отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол беретін 9,5 мың адамды, сондай-ақ 5 мыңнан астам әлеуметтік осал отбасын тексерді.

Тексеру барысында 400-ден астам адам жауапқа тартылды, 325 қорғау ұйғарымы шығарылды, соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 62 ерекше талап қойды және 104 қолайсыз отбасы есепке қойылды. 2 мың бұзушылық анықталды, оның ішінде 430 қорғау нұсқамасының шектеулерін сақтамау, 833 ата-ананың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы бар. Полицияға түнде көшеде немесе ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз болған 5 мың кәмелетке толмаған бала жеткізілді.

Полиция әрбір отбасылық жанжал бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықты қайта жасау қаупін бағалау парағы толтырылатынын атап өтті. Қайталану қаупі жоғары отбасылар ерекше бақылауға алынады, олар бойынша жеке алдын алу жоспарлары жасалады. Мобильді топтарда 70 мыңнан астам отбасы бар, олардың 500-ден астамы өмірлік қиын жағдайға тап болды. Мүдделі мемлекеттік органдарға осындай отбасыларға көмек көрсету туралы тиісті хабарламалар жіберілді.

Биыл акцияға 19 мың адам, оның ішінде полиция қызметкерлері, прокуратура және сот өкілдері, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, еріктілер, студенттер, ІІО қоғамдық көмекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен әртістер жұмылдырылды.

22 ноября 2023
Бір айда 17 рет ереже бұзған: Астана полициясы төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілерді тоқтатты

Қауіпсіз қоғам құруға бағытталған “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында елордада екі күн ішінде әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 11 көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды.

Операция барысында полиция қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Шетелдік көлік жүргізушісі бір айда 17 рет жол жүрісі қағидасын бұзған. Оған шамамен 190 мың теңгеге айыппұл салынған.

Көрші мемлекетте тіркелген Toyota автокөлігінің жүргізушісі қыркүйек айынан бастап 13 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Ер адамда шамамен 150 мың теңге төленбеген айыппұл бар.

Осы құқық бұзушылықтар бойынша автокөлік иелеріне берешегі туралы хабарланды. Көлік құралдары коммуналдық айыппұл тұрағына қамалды.

Астана полициясы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Әкімшілік полиция
20 ноября 2023
ІІМ “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды операциясын бастады

Қараша айының соңғы он күндігінде полиция қызметкерлері қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жүргізіледі.

Алкогольді ішімдік ішу, қоғамдық орындарда мас күйде жүру, белгіленбеген жерлерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық жасау, ортақ пайдалану орындарын ластау, тыныштықты бұзу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол беру сынды құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидаты қолданылады.

Қорғау нұсқамасы шығарылған, мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған, ІІО есебіне алынған адамдар, маскүнемдер, нашақорлар, қолайсыз отбасылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтер жүргізіледі.

Сонымен қатар жол жүрісі қозғалысы мәселесіне бақылау күшейтілді. Стихиялық қоқыс орындарын және олардың шығу көздерін анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Іс-шара жергілікті атқарушы органдармен, “Amanat” партиясының өңірлік филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қозғалыстарының және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл аясында өткізіледі. Операцияның негізгі бағыты – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту. 

– Әр қызметкер заң атынан нақты әрекет етуі керек. Азаматтармен сыпайы болуды ұмытпау қажет. Заң бәріне бірдей, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Әкімшілік полиция
20 ноября 2023
Полиция балаларды интернеттегі қауіптен қалай қорғауға болатындығы туралы кеңес берді

Баланы экранның арғы жағындағы ниеті түзу емес адамдардан қорғауға көмектесетін интернеттегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелері.

Полицейлердің әзірлеген ұсыныстарына сүйенсек, ата-ана кәмелетке толмаған баланың интернеттегі қызығушылықтарын мүмкіндігінше бақылап отыру керек.

Жеке деректеріңізді бөгде адамдарға айтпаңыз. Таныс емес тұлғалардан түсетін достықты қабылдамаңыз, олардың нұсқауларын орындамаңыз.

Балаларға ешбір жағдайда желінің басқа пайдаланушыларына өздерінің дербес деректерін, яғни аты-жөнін, тегін, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т.б. ақпаратты айтуға болмайтынын түсіндіру қажет.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желі қолданушылары сенімге кіру үшін ойдан шығарылған деректерді, соның ішінде басқа адамдардың немесе тіпті балалардың фотосуреттерін пайдаланатын кездер болады. Осыған байланысты белгісіз адамдардан достықты қабылдамау және олардың бұйрықтары мен нұсқауларын орындамау ұсынылады. Ең дұрысы –  сұхбаттасып жатқан адамның парақшасын бұғаттау.

Интернет қолданушылар тарапынан түскен қауіптен қорықпаңыз. Қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз.

– Интернет-пайдаланушылар сізге қоқан-лоққы көрсетсе, уайымдамаңыз. Олар сізге де, жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде балалар бұл туралы ата-анасына, әпке-бауырларына, мұғаліміне және т.б дереу ұялмай, айту керек, – деп атап өтті ведомствода.

Сондай-ақ полиция қашықтан қол жеткізу үшін бағдарламаларды орнатпауға кеңес береді. Бұндай қосымшаларды орнатпас бұрын, ол туралы интернетте оқып, оның не үшін қажет екенін біліп алу керек.

Ата-аналарға ұсыныс: баланы интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы хабардар етіңіз, сондай-ақ оны бөгде адамдар мен қажетсіз контенттен қорғауға көмектесетін ата-ана бақылауы, қауіпсіз іздеу сияқты параметрлерді қолданыңыз.

14 ноября 2023
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді

1 шілдеден бастап полиция өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша хаттама жасау үшін қазір куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштің жазбалары жеткілікті. Соңғы шешімді сот қабылдайды.

Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады. Бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материалдардың жартысы татуласу үшін сотта тоқтатылған болатын. Бұл агрессордың немесе туыстарының сендіруі немесе қысымы нәтижесінде пайда болды.

1 шілдеден бастап сотта тек бір рет татуласуға болады. Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысым жасауды тоқтатуға мүмкіндік береді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері анықталды.

19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекстің ауыр және ауырлығы орташа денсаулыққа зиян келтіруге байланысты жекелеген баптарына “кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты іс-әрекет жасау ” біліктілік белгісі енгізілді (ҚК 106-бабы, ҚК 107-бабы). Бұл қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу санкциясын қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Нәтижесінде, соңғы төрт айда (шілде-қазан) жауапқа тартылғандар саны артты. Егер ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адамды құрады (қазан айында – 9,5 мың).

Тиісінше, қамауға алынған агрессорлардың саны 2 есе өсті. Биылғы жылы барлығы 60 мың (60741) құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты 75 мың қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 12 мың ерекше талап қойды. Олардың тарапынан белгіленген шектеулерді 10 мың бұзушылықтың жолын кесті.

Жалпы, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралардың нәтижесінде а.ж. 10 айының қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеудің 20%-ға, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды 4,2%-ға, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған ауыр қылмыстарды тіркеу 12%-ға төмендеді.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы