ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
Әкімшілік полиция
13 марта 2024
Балалар арасындағы буллингті қалай тоқтатамыз: Павлодарда полицейлер оқушылармен кездесу өткізді

Павлодар қаласының гимназиялық сыныптарымен инновациялық үлгідегі №39 жалпы білім беретін орта мектебінде Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторының қатысуымен жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу бойынша кездесу өтті.

Кез-келген құбылыстың алдын алу оның салдарын жоюдан гөрі жақсы, ал мектептегі қорлау бүгінде ерекшелік емес. Өкінішке орай, қорқыту мәселесі қоғамда өте әлеуметтік жағдай болып тұр. Бұл мәселеге ат үсті қарау дұрыс емес, себебі балалардың қатігездігі кейде шекарадан шығып жатады.

– Бүгінде біз кибербуллинг деген терминді жиі естіп жатамыз. Қазір әлеуметтік желілер, түрлі мессенджерлер арқылы сіз жалған профиль жасай аласыз, лақап ат жазып, кез-келген адамға түрлі нәрсені жаза аласыз. Жазасыздығына сенімді жасөспірімдер мұны өз әрекеттері үшін жауап бермейді деп ойлайды. Олар әдепсіз фотосуреттер немесе бейнелер жібереді, қорлайтын пікірлер жазады, – дейді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы Махаббат Мұрсалинова.

Көбінесе кибербуллингтің құрбандары ерекше балалар. Өкінішке орай, отбасының материалдық жағдайы да мектептегі қорлаудың негізгі себебі. 

– 6-сынып оқушысы аз қамтылған отбасынан шыққан. Ата-аналары жұмыс істейді, ішпейді, бірақ олар балаға қымбат телефон немесе брендтік киім сатып ала алмайды. Осы негізде басқа қыздар оны шақырып, жала жапқан. Бүгін қала мектептерінің бірінде екінші сынып оқушылары арасындағы жағдай талқыланды. Бізге әлі де бүлдіршіндер сияқты көрінеді, ал олар бір-біріне ұлты бойынша тиіседі, – дейді Махаббат Мұрсалинова.

Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу ересектердің осы мәселелерге дұрыс қарауында. Баланың тәртібі мен көңіл-күйіндегі кез-келген ауытқулар ата-аналар мен мұғалімдердің назарын қажет етеді. Кейде балалар мектепте ренжігенін мойындаудан ұялады.

– Егер сіз баланың үйде қалуға себеп іздей бастағанын, жабыла бастағанын, заттарын жасырып, жиі ауырғанын байқасаңыз – шыдамды болыңыз және балаңызды әңгімеге тартуға тырысыңыз, – дейді №39 мектептің психологы Максим Постоялко.

Мектептегі қорлауды одан әрі дамытуға болмайды. Сыныптардағы климат пен көңіл-күйді үнемі бақылап отыру керек, ал профилактикалық жұмыс бүгінде оқу орны қызметінің ажырамас бөлігі болуы керек.

– Мектеп ортасында қорқытудың алдын алу – бұл көмек көрсетуді кезең-кезеңімен ұйымдастыру. Бұл тұлғааралық кедергілерді жою, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, мектеп ұжымының топтық бірлігін арттыру. Егер сіз ата-ана немесе педагог ретінде буллинг оқиғасы туралы білсеңіз – сіз міндетті түрде араласып, балаға көмектесуіңіз керек, – деп толықтырды Павлодар қаласы №39 мектеп басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шынар Жанғазина.

Оқушылар белсенді сұрақтар қойды. Олар мұндай құқық бұзушылықтар үшін жазаның түрі туралы білгісі келді.

– Күнделікті өмірде зұлымдықпен, қатыгездікпен және агрессиямен бетпе-бет келуден аулақ болу өте қиын. Бала “жоқ” деп айтуды үйренуі керек, жолдастарының арандатуы мен айла-шарғысына берілмеуі керек. Ол қиын уақытта туыстарының көмектесетініне және қолдайтынына сенімді болуы керек, – дейді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы.

28 февраля 2024
Көкшетаудағы дағдарыс орталығындағылар сан түрлі тағдырымен бөлісті

Бүгінде кейіпкерлеріміз балаларымен бірге Көкшетау қаласындағы “Шанс” Дағдарыс орталығында, онда оларға толық құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі. Үш әйелдің әңгімелері ұқсас: олар сүйікті ер адамдарына ерте тұрмысқа шығып және олармен өз үйінің шатырының астында қандай оқиғалар болатынын білмеді.

Ақмола облысы ПД әйелдерге зорлық-зомбылықтан қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері атап өткендей, жыл сайын полицияға жүздеген әйелдер жанжал, шу, түрлі арызбен жүгінеді және олардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіледі. 2024 жылдың екі айында ғана учаскелік инспекторлар 812 қорғау ұйғарымы мен 290 ерекше талап шығарды. Бұл шаралар жәбірленушіні агрессордан қорғауға мүмкіндік береді, алайда қиын жағдайларда әйелдер балаларымен бірге дағдарыс орталықтарында болуға мәжбүр болады.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспаналары бар 5 дағдарыс орталығы жұмыс істейді (Көкшетау, Степногорск, Щучинск, Атбасар қаласы мен Ақмол ауылында) және 3 консультациялық орталық (Ақкөл қаласы, Державинск қ. және Қорғалжын а.). Өткен жылы мекемелерге 87 әйел мен 155 бала орналастырылды.

22 жастағы Ольга (аты өзгертілді) бес жыл бұрын тұрмыс құрған. Жас отбасында екі ұл дүниеге келді, бірақ қаржылық мәселелерге байланысты ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған, әдеттегідей оқиғада әрқашан әйел кінәлі болды. Осы жылдың ақпан айының басында агрессор әйелі туралы да, жақын арада туылуы керек нәресте туралы да ойланбастан, жүктіліктің үлкен кезеңінде жүрген Ольганы және үлкен ұлын ұрып тастады. Әйел үйден шығып, көршісіне көмекке жүгінген, ол өз кезегінде полицейлерді шақырған. Полиция қызметкерлері әйелді орталыққа орналастырды, бүгінде ол сол жерде.

Нұргүл (аты өзгертілді) отбасылық өмірінің 16 жылында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен арпалысып, бірақ үш бала үшін шыдаған. Әкесіз өскен әйел әкесінің сүйіспеншілігіне мұқтаж болды және балалары үшін мұндай өмірді қаламады, алайда балалар әкелерінің екі пышақ алып, анасына шабуыл жасаған сәтінің куәгерлері болды. Ұрып-соғудан, сатқындықтан және психологиялық зорлық-зомбылықтан аман қалған Нұргүл бүгінде орталықта көрсетілетін мамандардың көмегіне мұқтаж болып отыр.

14 жыл күйеуімен некеде тұрған Светлана (аты өзгертілген) үшін жұбайының ішімдікке тәуелділігі кету нүктесіне айналды. Мас күйде жұбайы әйелін себепсіз ұрып немесе балағаттап, ал таңертең кешірім сұраған күндер болған. Үнемі шиеленістен шаршап, мұндай көзқарасқа төзудің қажеті жоқ екенін түсінген әйел полицейлерден көмек сұрады. Мәжбүрлі шара ретінде Көкшетау қаласы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері Светлана мен оның балаларын дағдарыс орталығына орналастырды.

Бүгінде ерлі-зайыптылар татуласты, ал әйелінің басты шарты – күйеуінің ішімдіктен толық бас тартуы болды. Әкесі мен балалары арасындағы қарым-қатынас қайта жанданды, ал Светлана өзі отбасылық өмір әлі де жақсарады деп үміттенеді.

Полицейлер атап өткендей, кез-келген кішігірім жанжал немесе отбасылық жанжал кейіннен кісі өлтіруге немесе ауыр дене жарақатына әкелуі мүмкін, сондықтан полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы жеке немесе туыстарыңыздан, көршілеріңізден естіген жағдай болса, дереу хабарлау қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың шілдесінен бастап полиция мұндай қылмыстарды тіркеудің мәлімдемелік сипатынан анықтау сипатына көшті, яғни хаттама жасау және агрессорды жауапқа тарту үшін қазір куәгерлердің, көршілердің камераларының немесе бейнетіркегіштің жазбалары жеткілікті.

Әкімшілік полиция
27 февраля 2024
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес. Заңнамалық бастамалар

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – полиция қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Бұл мәселедегі заңнамалық бастамалар туралы ІІМ апталық брифингінде департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтып берді.

Өткен жылы Президенттің тапсырмасымен Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізілді. Былтыр 1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің арыз беру сипатынан анықтау сипатына көшті. Қазір әкімшілік іс нақты дерек негізінде қозғалады.

– Егер бұрын жыл сайын құқық бұзушылықтар туралы 100 мыңға жуық сигнал түскен болса, 70%-ға жуық жағдайда полиция жәбірленушілердің арыз жазудан бас тартуына байланысты шара қолдана алмайтын. Арыз беру сипатынан анықтау сипатына көшкеннен кейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен профилактикалық жұмыс жанданды.

Өткен жылы тұрмыстық жанжал туралы 99 мың хабарлама түскен, онда 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке, мыңға жуық азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деді спикер.

Полиция әрбір отбасылық жанжал бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталану қаупін бағалайды. Өткен жылдың тамыз айынан бастап 18,5 мыңнан астам отбасы арнайы сауалнамадан өтті. 884 отбасыда құқық бұзушылықты қайта жасау қаупі жоғары екені анықталды. Құқық бұзушыларға агрессияны болдырмау үшін өз еркімен психокоррекциялық курстардан өту ұсынылды.

Жәбірленушілердің қауіпсіздігі үшін учаскелік полиция инспекторлары 87 мың қорғау нұсқамасын шығарды. Полицияның өтініші бойынша соттар құқық бұзушының мінез-құлқына, оның ішінде алкогольді ішуге тыйым салуға байланысты 15 мың ерекше талап қойды. Тәртіп сақшылары мұндай азаматтарды қатаң бақылауда ұстайды. Жалпы сот шешімі бойынша қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін барлығы 2770 агрессор және мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптарды орындамағаны үшін 5926 құқық бұзушы қамауға алынды.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеу қағидаты қалыптасады. Алайда тек полицияның күшімен  тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес. Отбасындағы жанжалдардың негізгі себептері – маскүнемдік, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және басқа да қиындықтар. Осыған байланысты Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі саясатты қайта қарау жөніндегі Жол картасын іске асыруда, – деді Шыңғыс Алекешев.

Оның сөзінше, өңірлерде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мобильді топтар құрылды. 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында учаскелік инспекторлар қолайсыз жағдайдағы отбасыларға 67 343 тексеру жүргізіп, арнайы әлеуметтік көмекке мұқтаж 2349 отбасыны анықтады. 2024 жылдың қаңтар айында осындай 325 отбасы анықталды.

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды жаңғырту жөніндегі шараларды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер әзірледі.

Заң жобасында:

– отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құру, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық құрбаны болған адамдарды қолдау жөніндегі шаралар кешені;

– зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілікті қатаңдату;

– бала құқығын қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар мен сауықтыру лагерлерін лицензиялауды енгізу жөніндегі нормалар қарастырылған.

Алдын алудың жаңа шараларын енгізу бөлігінде:

– отбасыларға көмек көрсетуді үйлестіру бойынша функцияны әлеуметтік қорғау басқармаларына бекіту;

– өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларды ерте анықтау жөніндегі мобильді топтардың тетігін енгізу;

– медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жауапты мемлекеттік органды айқындау көзделген.

Бұдан басқа:

– зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу бойынша орталық атқарушы органдардың құзыретін анықтау;

– отбасын қолдау орталықтарын, балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын құру бойынша жергілікті атқарушы органдарға құзырет беру ұсынылады.

Жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде:

– кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігін болғызбау;

– өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізгені, денсаулығына қасақана ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіргені, кәмелетке толмағандарды азаптағаны, зорлағаны, ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту көзделеді.

Бұл ретте баланы өлтіргені немесе зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Заң жобасында денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа түсіру және суицидті насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Кәмелетке толмағанды қорқытқаны, қоғамдық көліктен 16 жасқа толмаған адамдарды мәжбүрлеп түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

19 февраля 2024
Брифинг: “Жол қауіпсіздігі және “Қорғау” қосымшасы”

Брифинг тақырыбы: “Жол қауіпсіздігі және “Қорғау” қосымшасы”.

Спикер: Ақтоты Боранова – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.

https://www.facebook.com/events/394469419897165/

 

Әкімшілік полиция
19 февраля 2024
ІІМ әйелдер құқығын қорғау бөлінісі мерейтойын атап өтті

Қазақстанда 1999 жылғы 19 ақпанда, яғни тура 25 жыл бұрын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жеке қызмет құрылды. Бөліністің мақсаты – әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу.

Бөлініс полиция мен үкіметтік емес сектор, мемлекеттік органдар және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия арасындағы байланыс болып саналады. Бұл бөліністің инспекторлары полиция органдары қызметтерінің отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу жөніндегі қызметін жалпы үйлестірумен айналысады, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын жеке қабылдауды жүзеге асырады және жәбірленушіні құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.

ІІМ атап өткендей, өткен жылы дағдарыс орталықтарына 7 мыңнан астам әйел жіберілді, оның ішінде 6 мыңға жуығы балаларымен баспанаға орналастырылды.

Бөліністің сенім телефондарына 56 мыңнан астам қоңырау түсті. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлармен әйелдерге 17 мың кеңес берілді, олардың 11,7 мыңнан астамы кейіннен полицияға жүгінді.

Талқылау барысында 9 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған ұйымдастырушылық және құқықтық шаралардың нәтижесінде соңғы 6 жылда әйелдердің құқықтарына қол сұғатын қылмыс саны екі есе азайды.

Сондай-ақ өткен жылы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау қызметкерлері құқықтық тақырыпта 21 мыңнан астам сөз сөйледі. Сонымен қатар аталған тақырып бойынша аталған полиция қызметкерлері оқу орындарында және еңбек ұжымдарында 31 мыңнан астам дәріс, семинар мен тренинг өткізді.

Айта кетейік, бүгінде осы бағытта қызмет ететін бірқатар қызметкерлер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

07 февраля 2024
“Қауіпсіз жол” іс-шарасы: бір күнде 13 мыңнан астам ЖҚЕ бұзу фактісі анықталды

Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында республика аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараға 10 мыңға жуық полицей, оның ішінде патрульдік және учаскелік полиция инспекторлары және басқа да қызметтер жұмылдырылды. Республикалық маңызы бар, облыстық, аудандық маңызы бар автожолдарда және қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісінде барлығы 3 мыңға жуық автопатруль жұмылдырылды.

Бір күн ішінде жол қозғалысын қадағалау кезінде 13 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін – 98, басқару құқығынсыз – 35, басқару құқығынан айырылғаны үшін – 7, жылдамдықты асырғаны үшін – 3626, қарсы жолаққа шығу – 16, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін – 651, авариялық жағдай жасағаны үшін – 107, жаяу жүргіншілерге қозғалыста артықшылық бермегені үшін – 263, бағдаршамның тыйым салу сигналына жол жүру – 171.

Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережесін бұзу – 1280, телефонды пайдалану ережесін бұзу – 702, көлік құралын мемлекеттік техникалық байқаусыз басқару – 516, жалған мемлекеттік нөмірмен жүру – 112, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу – 1851, еңбек және демалыс режимінің ережелерін бұзу – 4, заңсыз қайта жабдықтау – 124, рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпегендер – 8.

Мысалы, Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Land crouser автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама жасалды.  Айта кетейік, жедел іс-шара 29 ақпанға дейін жалғасады.

31 января 2024
Айтылды-орындалды
29 января 2024
Өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке қойылды

ІІМ-де атап өткендей, “Тұрмыс” республикалық іс-шарасы барысында өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке қойылды. Оның ішінде мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 201 факті бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыруға материалдар жіберілді.

Мысалы, Петропавлда жас ана емханаға шақырылған уақытта баласын алып келмей жүргені туралы дәрігерден хабарлама келіп түсті.  Тексеру кезінде ананың ішімдік ішкені,  нәрестенің шұғыл көмекке мұқтаж екені белгілі болды. Полиция баланы нәрестелер үйіне орналастырып, ал анасын нарколог дәрігердің есебіне қойды және әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот шешімі бойынша алкоголизммен ауыратын 206 адам наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызылды. Жүктелген міндеттерден қасақана жалтарғаны үшін сотталған 101 адамға қатысты, соттарға жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсынымдар жіберілді. 34 шартты түрде мерзімінен бұрын босаған адамға қатысты өтініш қанағаттандырылып, бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.

Бұрын сотталған 91 адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзғаны үшін соттар ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша әкімшілік қадағалау белгіледі.

26 января 2024
Үш елдің ішкі істер министрлері қылмысқа қарсы бірлескен іс-қимыл мәселесін талқылады

Астанада Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы ішкі істер министрлерінің кездесуі өтті.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, халықаралық терроризм мен экстремизмге, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мәселелері кездесудің негізгі тақырыбы болды.

– Жалпы алғанда біздің ынтымақтастығымыз жедел қызметтің барлық бағыттары бойынша қарқынды түрде дамып келеді. Ауыр, аса ауыр қылмыстарды бірлесіп ашуда, қауіпті қылмыскерлерді ұстауда көптеген оң мысалдар бар. Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетіп, тәжірибе алмасамыз. Іздестіру жұмыстары да нәтижелі, – деп атап өтті Ержан Саденов.

Қазақстанның бас полицейінің айтуынша, 2023 жылы көрші мемлекеттердің сұрауымен біздің сақшылар ел аумағында 125 қылмыскерді ұстаған. Делегация басшылары қылмысқа қарсы күрестің барлық бағыттары бойынша ішкі істер органдарының өзара іс-қимылын жандандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

– Бір ғана мемлекеттің күшімен қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Өйткені бүгінде қылмыс түрлері трансұлттық сипатқа ие. Сондықтан бірлескен іс-қимылдар мен көрші елдер арасындағы өзара серіктестік өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі болып табылады, – деді Қырғызстан министрі Ұлан Ниязбеков.

– Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер біздің министрліктеріміздің ортақ қызметін, тікелей және тығыз байланыста болуын, сондай-ақ бейінді бөлініс басшыларының практикалық тұрғыда кеңесуін талап етеді, – деп атап өтті Өзбекстан министрі Пулат Бобожонов.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан ІІМ үйлестіру топтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша жедел, статистикалық және өзге де ақпаратпен, әдістемелік ұсынымдармен алмасуды жандандыруға, қылмысқа қарсы күрес саласында бірлескен өзара іс-қимыл көрсетуге, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамдар туралы мәліметтермен алмасуға бағытталған Хаттамаға қол қойылды.

Ішкі істер министрлерінің кездесуі өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.

22 января 2024
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты.

Мемлекет басшысы елімізде «Заң және Тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

– Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, құқықтық сауаттың төмен болуы жағымсыз үрдістердің белең алуына әкеп соқтырады.

– Оның бәрі, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді, мемлекеттің абыройына нұқсан келтіреді. Қоғамдық жерлердегі вандализм – соның айқын көрінісі. Халқымыздың дүниетанымына жат идеология да елімізге зор қауіп төндіреді. Әсіресе, жас ұрпақ жасанды идеялар мен «жалған батырлардың» жетегіне ілесіп кетуі мүмкін. Әлеуметтік желіде жастарды заңсыз іс-әрекет жасауға шақыратын материалдар таралуда.Тіпті, заң бұзған адамдарды үлгі етіп көрсететіндер бар. Біздің азаматтарымыз кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек, яғни бізге заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қажет. Ел ішіне іріткі салатын, қауіп төндіретін әрекеттерді ақтауға қатаң тосқауыл қою керек.  Құқықтық нигилизмге, яғни заң үстемдігін жоққа шығаруға жол берілмеуге тиіс. Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттің бірі ретінде дәріптелуі қажет. Бұл – мемлекеттік органдарға ғана емес, барша халыққа ортақ міндет. Қысқасы, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне баса мән бергені жөн деп санайды.

– Қылмыстардың негізгі себебі көбіне қоғамға жат әрекеттерден туындайды. Сондықтан заңды бұзуға бейім азаматтармен жүйелі жұмыс жүргізу маңызды. Сондай-ақ олардың қоғамдық тәртіпке қайшы істеріне түрткі болатын алғышарттарды түгел жою қажет. Бірақ бүгінде қылмыстың алдын алу шаралары тиімді жүргізіліп жатқан жоқ. Мұны мойындау керек. Сондықтан жүйені түбегейлі жаңарту қажет. Осы ретте қауіпті топтарға жататын азаматтардың басым бөлігі назардан тыс қалып қояды. Ал кейбір алдын алу шаралары шектеу-мәжбүрлеуден әрі аспайды. Мұндай жұмыстар жергілікті жерлерде жүйесіз жүргізіліп жатыр. Нақты үйлестіру тетіктері жоқ. Құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай заң әзірлейтін уақыт жетті. Заң жобасында профилактикадан өтетін азаматтар тізімін толықтай қайта қараған жөн. Жауапты органдардың құзыреттерін, үйлестіру тетіктерін, жеке профилактика құралдарын нақтылау қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұның, әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте маңызы зор екеніне сенімді. Оның айтуынша, бұл жерде алдын алу жұмыстарының маңызы жедел әрекет ету және әділ жазасын беру ісінен кем емес.

– Өздеріңізге мәлім, бұған дейін мұндай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді қолдайтынымды айтқан едім. Қылмыстық кодекске енгізілген тиісті түзетулер жақын арада қабылданады. Ішкі істер министрлігі өз қызметкерлерін жаңа жұмыс тәсіліне көшуге алдын ала дайындауы керек. Құқық қолдану тәжірибесіндегі бұған дейін болған барлық мәселені ескеру қажет. Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған азаматтардың құқығын қорғау жүйесін жаңғырту – өте өзекті мәселе. Үкімет азаматтық қоғам институттары мен сарапшыларды тарта отырып, бұл жұмысқа мұқият қарауы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, полицияның сервистік моделінің негізгі қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру қажет. Бұл, ең алдымен, қоғамның талап-тілегіне құлақ асып, шұғыл әрекет ете білу деген сөз.

– Халыққа ынтымақтастықтың өзара тиімді формасын ұсынып, кері байланыстың оңтайлы жолдарын реттеу маңызды. Бастамашыл және заңға қайшы әрекеттерге бей-жай қарамайтын азаматтарға арқа сүйеу құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатының іс жүзінде сақталуына мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қоғаммен бірге полиция да түбегейлі өзгеруге тиіс екенін айтты.

– Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға сенеді, оны қорған көреді. Өкінішке қарай, тәртіп сақшыларының бәрі бірдей сондай деп айта алмаймыз. Ауыр қылмыс жасаған қызметкерлер анықталып жатыр. Соңғы кезде мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Бұған жол бермеуіміз керек және ондай әрекеттерді мүлдем ақтауға болмайды. Осындай жағдайлар бүкіл жеке құрамның жұмысын бір сәтте жоққа шығарады. Ондай адамдарды полиция қатарынан шығару қажет. Олар биліктің абырой-беделін түсіреді. Қызметкерлерін дер кезінде тәртіпке салмаған басшылар мәселесін де қарау керек, – деді Президент.

Алқа отырысы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев орта буындағы басшылық құрамды биыл кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы Ішкі істер министрінің ұсынысын қолдады.

– Министрлік осы сынақ кезінде табандылық танытуға тиіс. «Бармақ басты, көз қысты» болмауы керек. Алайда аттестация біреуден есе қайтарудың құралы болмауға тиіс. Басты мақсат – жеке құрамды біліксіз және жұмысына адал емес басшылардан тазарту, яғни кәсіби кадр резервін жасақтау. Сонда ғана ахуалды түбегейлі өзгерте аламыз. Президент Әкімшілігі бұл жұмысты бақылауда ұстайды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Атап айтқанда, былтыр кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны 22 пайызға артқан. Мемлекет басшысының пікірінше, осы бағытта алдын алу жұмыстарын күшейту қажет. Полиция мектеп басшылығымен бірлесе жұмыс атқаруға тиіс.

– Жас ұрпақтың тағдыры, өмірі мен денсаулығы бәрінен маңызды. Үкіметке балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін мұқият саралап, нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Жасөспірімдер бос жүрмеуге тиіс. Олардың шығармашылыққа, спортқа қызығушылығын арттыру жағына көбірек көңіл бөлу қажет. Балаларды еңбекке баулып, волонтерлік қызметке жұмылдырған абзал. Көзбояушылық үшін жасалатын жұмысты доғару керек, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Президент есірткінің таралуына батыл түрде тосқауыл қоюды талап етті.

– Мен бірнеше рет осы мәселеге қатысты тапсырма бердім. Алайда ауыз толтырып айтатын нәтиже жоқ. Синтетикалық есірткінің қолжетімділігі және оның барынша тез таралуы жастар арасында нашақорлықтың белең алуына әкеп соқтырады. Оларға нашақорлықтың қаншалықты қатерлі екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет. Полиция есірткі өндіру, оны сату және таратуға қарсы белсенді күрес жүргізуі керек. Науқаншылдық, көзбояушылық және статистика үшін жұмыс істеу дегенді тоқтату қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар киберқылмыспен және интернет-алаяқтықпен күрес шараларын күшейту жөнінде тапсырма берілді.

– Ұрылар мен бандиттер түрмеде отыруы керек. Бұл – сіздердің криминалға қарсы әрекеттеріңіздің бірден-бір мақсаты. Қылмыстық топтармен ымырасыз күресу – сіздердің тікелей міндеттеріңіз әрі қызметтік борыштарыңыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жазасын өтеп жатқандардың негізгі құқықтарын сақтау маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, абақты дегеніміз – айыпты адамды жазалау орны ғана емес, адамның қайтадан қылмыс жасауына жол бермейтін мекеме болуға тиіс.

Сонымен бірге Президент құқық қорғау органдарының қызметі халық арасында бүкіл мемлекеттік жүйенің бет-бейнесі туралы түсінік қалыптастырады деп санайды.

– Біз өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген полицейлерді ескерусіз қалдырмауымыз керек. Әсіресе олардың нағыз ерлік істерін (ал мұндай жағдайлар аз емес), жұмысын лайықты бағалап, ең жоғары наградалармен марапаттауымыз қажет. Кәсібилік, жауапкершілік танытқан, ерлік көрсеткен нақты жағдайларды үлгі ету, Ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру арқылы полицияның оң имиджін қалыптастыру маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Алқа отырысы барысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қылмысқа, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жасөспірімдер арасындағы қылмысқа, интернет алаяқтыққа қарсы күрес және оның алдын алу шаралары мен жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру мәселесі туралы есеп берді.

Akorda.kz

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы