ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
Әкімшілік полиция
21 июня 2024
ІІМ шегілмейтін темекі өнімдерінің айналымы үшін жауапкершілікті түсіндірді

     ІІМ шегілмейтін темекі өнімдерінің айналымы үшін жауапкершілікті түсіндірді.

– Құрметті азаматтар! 2024 жылғы 20 маусымнан шегілмейтін темекі өнімдері, электрондық тұтыну жүйелері, вейптер және оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

     “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекске сәйкес шегілмейтін темекі өнімдеріне құрамында никотин бар, темекі жапырағынан әзірленетін заттар және олардың синтетикалық аналогтары жатады. Олар сору, шайнау, иіскеу үшін дайындалады. Электрондық тұтыну жүйелеріне, вейптерге құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты, басқа да химиялық заттарды, хош иістендіргіштерді қыздыратын құрылғылар жатады. Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін Ішкі істер министрлігі тұрғындарға және кәсіпкерлерге қабылданғалы жатқан өзгерістерді түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізді.

     Аталған заттарды сату және тарату фактiлерi анықталған жағдайда кiнәлi тұлғаға 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не болмаса 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы, я болмаса 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылады. Осы заттарды әкелгені және өндіргені үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Егер айтылған іс-әрекеттер адамдар тобымен, аса ірі мөлшерде, бірнеше рет жасалса, мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

     Құрметті азаматтар! Заңнамадағы көрсетілген өзгерістер еліміздің болашағы – балалар мен жастардың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ержан Жақсылықов.

 

Әкімшілік полиция
14 июня 2024
Қостанайда полицейлер мото-флешмоб ұйымдастырды

     Қостанайда полицейлер мото-флешмоб ұйымдастырды. Дәл осы іс-шарамен “Жолда қабылдау” республикалық акциясы басталды. Оған 30-ға жуық мото әуесқойлары қатысты. Жаздың жайма шуақ күндерінің келуімен екі дөңгелекті көлікпен жүретіндердің саны көбейді. Осы орайда өзіңіздің және басқалардың қауіпсіздігі туралы ұмытпаған жөн. Мотоциклмен және өзге де екі дөңгелекті көлікпен жүргенде қорғаныс құралдарын кию маңызды. Сізді үйде жақындарыңыз күтетінін ұмытпаңыз.

– Барлық мотоцикл жүргізушілерін жол ережесін сақтауға шақырамын, – деді флэшмобқа қатысушылардың бірі Александр Нам.

    Бүгінде өңірде 3 мың 200 бірлік мототехника бар. Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Елена Магасумова іс-шараның барлық қатысушыларына мотоциклдерді тіркеу тәртібі және мотоциклдермен қауіпсіз жүру ережелері туралы тағы да еске салды.

     Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде мотокөліктердің қатысуымен 5 ЖКО орын алған. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 4 адам түрлі жарақат алды. Полиция барлық мотоцикл жүргізушілерін жолдарда мұқият болуға, жол ережелерін қатаң сақтауға және түнгі уақытта азаматтардың тыныштығы бұзбауға шақырады.

 

Әкімшілік полиция
14 июня 2024
“Жаңа заң жазалауды ғана емес, алдын алуды көздейді”: ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды түсіндірді

     Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қашанда қоғам назарында. Бұл мәселенің түйінін тарқату үшін құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе жұмыс істеп жатыр. Нәтиже де жоқ емес. Жыл сайын отбасындағы әлімжеттік жағдайлары ақырын болса да азайып келеді.

     Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша полицияға түскен шақыртулар:

2020 жылы – 179 096

2021 жылы – 155 177

2022 жылы – 115 526

2023 жылы – 99 026

2024 жылдың 4 айында – 28 189

     Тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны (денсаулыққа ауыр зиян келтіру және кісі өлтіру):

2020 жылы – 1071

2021 жылы – 1022

2022 жылы – 935

2023 жылы – 923

     Бұрын жәбірленушілердің көп жағдайда арыз жазудан бас тартуына байланысты үй тирандарына қатысты шара қолдану қиынға соғатын. Өткен жылы ІІМ-нің бастамасымен заңға түзетулер енгізіліп, полиция зорлық-зомбылық фактісін тіркеудің анықтау сипатына көшті. Яғни, агрессорды жәбірленушінің арызынсыз-ақ жауапқа тарту мүмкіндігі пайда болды. Ал енді биыл қабылданған заңда қандай өзгерістер бар екенін тәртіп сақшылары тарқатып айтып берді.

– Кісі өлтіру бабында баланы өлтірген жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айыру деген жаза қосылды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру мен орташа ауырлықта зиян келтірудің жазаларынан біз бостандықты шектеу жазасын алып тастадық. Алдағы уақытта олар тек қана бас бостандығынан айырылатын болады. Ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтіру баптары осы жаңа заңмен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ тағы да айта кетейін, қинау деген бап бар. Сол қинау бабы бойынша да Бас бостандығын шектеу жазасы алынып тасталды. Жаза тек бас бостандығынан айыру. Тағы да Қылмыстық кодекске бұрын болмаған жауапкершілік енгізілді. Ол 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты жыныстық қолсұғушылық жасаған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, – ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

      Заң “әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету” деп аталғанымен, ол бәріне ортақ болады. Яғни барлық азаматтың құқығы бірдей қорғалады.

– Көптеген жағдайлар кездеседі. Ер адамдардың әйелдерге күш көрсетуі ғана емес, кейде әйелдердің өзі агрессия көрсетіп жататын кездер болады. Бағынбаушылық білдіріп, қызметкердің талаптарын орындамай… Жалпы полицияға ер адамдар да, қыз-келіншектер де, жасөспірімдер де хабарласып жатады, – деді Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Шыңғыс Ахимов.

 

– Жәбірленуші тарап қоңырау шалуы мүмкін немесе көршілер шудың арқасында хабарласуы мүмкін. Кім қатты агрессия білдіріп жатады, сол кісіні біз заң аясында жақын арадағы полиция басқармасына міндетті түрде жеткіземіз. Одан ары қарай басқа да құқық бұзушылықтар орын алмау мақсатында, – деді Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Мейіржан Ұлтанбай.

 

– Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласына отбасының барлық мүшелері жатады. Тіптен бұрын бірге тұрған азаматтар, бұрын ерлі-зайыпты болған ажырасқандар немесе ортақ баласы барлар, бір үйде бірге тұратындар, сондай-ақ жақын туыстардың барлығы жатады. Бұл жерде жәбірленуші отбасының кез келген мүшесі бола алады. Сондықтан жәбірленуші кім болса да, оған кез келген көмек көрсетіледі, – деді Ақмарал Серікбаева.

      Жалпы заңның негізгі мақсаты – қылмыстық қудалау емес, керісінше тұрмыстық саладағы қайғылы жағдайлардың алдын алу, адамдардың өздерінің әрбір әрекетіне деген жауапкершілігін арттыру.

– Мұндай санаттағы істер әрдайым біздің бақылауымызда. Ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтірудің қылмыстандырылуына байланысты бастапқыда арыздар көп болуы мүмкін. Бірақ одан кейін арыздар азаяды деп ойлаймын. Біз бұған дейін де денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіру істерін тергеп келдік. Осы жаңа заң жәбірленушілердің құрбан болуының алдын алуға бағытталған, – деді Астана қаласы ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Алима Жамалиева.

     Заңда тағы бірқатар маңызды мәселелер қарастырылған. Енді кәмелетке толмағандарды кез келген көлік түрінен мәжбүрлі түрде шығарғандар, балаларын қауіпті жағдайда қалдырған ата-аналар және кез келген азаматқа қатысты буллингке жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

 

Әкімшілік полиция
07 июня 2024
ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

     ІІМ кезекті рет жүргізушілерге үндеу жасады.

– Құрметті азаматтар! Сіздерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамын! Полиция жол апаттарын болдырмау, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстарын жүргізеді. Осы мақсатта күн сайын трассаларда шамамен 1,5 мың патрульдік полицей қызмет етеді. Экипаждар 50 шақырым сайын орналастырылған. Жүргізушілер көбінесе жол ережелерін елемейді. Жылдамдық режимін сақтамайды. Қарсы жолға шығып кетіп жатады. Мысалы, 5 маусымда Ақтөбе облысында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кетті. Апатқа дейін оны полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерткен болатын. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты. Жүргізушілерді тағы да жолда сақ болуға шақырамын! – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев.

 

Әкімшілік полиция
21 мая 2024
15 жыл ішінде өліммен аяқталған жол-көлік апаттар саны екі есе азайды

Заман талабына сай магистральдардың құрылысы елдегі жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.

«15 жыл бұрын жолдарда 4 мыңнан астам азамат көз жұмса, қазір бұл көрсеткіш 2 есеге азайып отыр. Магистральдық жолдардың жекелеген учаскелерінде адам шығыны 6 еседен астам қысқарды. Мысалы, «Астана-Щучинск» тас жолын қайта жаңартып, жолақтар санын 6-ға дейін ұлғайтып, сондай-ақ бөлу жолағын жайластырудан кейін жол-көлік апаттары кезінде өлім-жітім саны жылына 75-тен 12-ге дейін төмендеді», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Апаттылықтың төмендеуі «Астана – Павлодар – Семей», «Астана – Қарағанды» бағыттары бойынша жаңа автомагистральдарда да байқалады.

ІІМ өкілінің айтуынша, елдегі жолдардың негізгі бөлігі ескірген стандарттар бойынша салынған. Бұл – ені 7 метрден аспайтын екі жолақты жолдар. Төрт немесе одан да көп жолақтары бар бірінші санаттағы жолдар тек 2%-ды құрайды.

Спикер атап өткендей, осыған байланысты 6 мың шақырымнан астам жолда жолақтар санын кеңейту және бөлу жолағын салуды қайта жаңартуды қамтамасыз ету қажет.

 

21 мая 2024
ІІМ техникалық байқаудан өту туралы заңнамаға өзгерістер енгізеді

ІІМ техникалық байқауды ресми түрде өткізу жағдайлары артқанын тіркеді. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың ақпараты бойынша, бұл қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау тәртібінің енгізілуіне және кейінгі бақылаудың күшін жоюға байланысты қалыптасты.

«Техникалық байқауды тек қағаз жүзінде жүргізу еліміздің жолдарында көптеген автокөліктің пайдаланылған газдар бойынша талаптарға, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтініне әкеп соқтырды, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты тәуекелдерді тудырады», - деп атап өтті ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Мәселен, 2023 жылы техникалық ақау себебінен 18 жол-көлік апаты тіркелді, онда 7 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алды.

«Осы бағыттағы бақылауды күшейту үшін техникалық байқау операторлары қызметінің хабарлама жасау тәртібінен рұқсат беру тәртібіне көшу үшін заңнамаға өзгерістер енгізілуде», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Сонымен қатар ІІМ өкілінің мәліметіне сәйкес, соңғы 5 жылда Қазақстанда автопарктің 2,5 млн-нан 5,5 млн-ға дейін айтарлықтай өсуі байқалды. Автокөліктердің жартысының пайдалану мерзімі 20 жылдан асады. Әдетте, олар заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталмаған және ақауларға бейім.

ortcom.kz

Әкімшілік полиция
21 мая 2024
Жоғары жылдамдықпен жүру - жол-көлік апаттарының негізгі себебі

Өлімге әкелетін жол апаттары көбінесе қала маңындағы жолдарда болады. Апаттың негізгі себебі – жоғары жылдамдық. Мұндай деректерді Орталық коммуникациялар қызметінде жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне арналған брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

«Ауыр зардаптары бар жол-көлік апаттары қала маңындағы трассаларда орын алуда, бұл жылдамдықпен тікелей байланысты. Жылдамдық неғұрлым жоғары болса, жол апаттарының салдары соғұрлым ауыр болады. Өңірлерге келетін болсақ, бұл Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстары. Дәл осы өңірлерде адам шығыны жиі орын алады», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

ІІМ статистикасы бойынша, 2024 жылдың басынан бері еліміздің жолдарында 500-ден астам адам көз жұмды.

Сондай-ақ Қайсар Сұлтанбаев жаяу жүргіншілердің тәртіпті бұзатынына және елді мекендерде олардың қатысуымен болған апаттардың көптігіне назар аударды.

«Статистика бойынша жол-көлік оқиғаларының 84%-ы елді мекендерде болады. Өлімнің төрттен бірі жаяу жүргіншілерді соғып кетумен байланысты. Апаттардың басым бөлігі олардың кінәсінен орын алады. Соңғы уақытта 145 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды», - деді ІІМ өкілі.

ortcom.kz

Әкімшілік полиция
20 мая 2024
ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады.

– Құрметті ата-аналар мен түлектер!

25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады.

Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі “соңғы қоңыраулар” аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке орай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды.

Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді.

Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

23 апреля 2024
Айтылды-орындалды
Әкімшілік полиция
05 апреля 2024
Құқықтық тәртіп: бейнебақылау камераларының көмегімен 125 қылмыс ашылды

ІІМ онлайн-брифингінде “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы айтылды.

Іс-шараға 14 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жұмылдырылды.

10 күн ішінде іздеуде жүрген 71 адам ұсталып, белгіленген тұрғылықты жеріне келмеген 24 сотталған азамат анықталды. Арнайы қабылдау-тарату орнына 661 адам орналастырылды. Олардың арасында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, құжаттары жоқ шетелдіктер бар.

Рейдтік іс-шаралар барысында тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау мен алып жүрудің 362 фактісі анықталып, 92 кг есірткі, 35 атыс қаруы және 161 суық қару тәркіленді.

– Жол қозғалысын қадағалау кезінде жылдамдық режимін сақтамаудың 22 мың фактісі, қарсы жолаққа шығудың 337 фактісі тіркелді. Автокөлікті мас күйде басқарған 437 жүргізуші ұсталды. Жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік тізгіндеген 267 адам анықталды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 125 қылмыс ашылды.

– Көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді. 29 мың жалдамалы пәтер, полиция есебінде тұрған, шартты түрде сотталған 74 мың адам тексерілді. Әкімшілік қадағалауды бұзудың 90 фактісі анықталды. Құқық бұзушылыққа қайта жол бергендер қамауға алынды. Қорғау нұсқамасына қарамастан отбасында зорлық-зомбылық жасаған 337 агрессор қамауға алынды, – деді спикер.

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы кезінде 61 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Қоғамдық тәртіпті бұзған 18 мың адам жауапқа тартылды. Уақытша бейімдеу орталықтары мен медициналық айықтырғыштарға 5 мың адам жеткізілді. Көшеде және ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта болған 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала анықталды.

Темекі өнімдерін заңсыз тарату фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынудың 1,5 мың фактісі тоқтатылды. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатудың 174 фактісі анықталды. 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатқан 186 кәсіпкер жауапқа тартылды. Шегілмейтін темекі өнімдерін сату мен таратудың 1,5 мыңнан астам фактісі тіркелді. Шегілмейтін темекі өнімдерін өндірген жасырын екі цех анықталды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы