Таза Қазақстан: Павлодар облысында «Таза Аймақ» экологиялық акциясы өткізілді

Таза Қазақстан: Павлодар облысында «Таза Аймақ» экологиялық акциясы өткізілді

9 мамыр күні Павлодар облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы және Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Усольский шағын ауданында (автокөлік көпірінің артында) жағалау аумақтарын тазалау жұмыстары жүргізілді.

«Таза Аймақ» – бұл қалада немесе табиғи аумақта экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ұйымдастырылатын экологиялық акция. Бұл шара қоршаған ортаның ластану мәселелеріне назар аударуға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға ынталандыруға және экожүйелерді сақтауға үлес қосатын экологиялық сенбілік болып табылады.

Экологиялық «Таза Аймақ» іс-шарасының ерекшелігі – қатысушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға, табиғатты сақтау маңыздылығын түсінуге және осы бағытта бірлескен әрекеттерге ынталандыруға ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар сонымен қатар қоғамның назарын экологиялық мәселелерге аударуға және оларды шешуге бағытталған келесі қадамдарға түрткі болуы мүмкін.

Толық ақпаратты әлеуметтік желідегі @jasylel_pvl парақшасынан немесе 87002945464 нөмірі арқылы Павлодар қалалық «Жасыл ел» штабының командирі Арина Красковадан алуға болады.