Облыс әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы

Облыс әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын. 9 мамыр - бүкіл ел болып Ұлы Отан соғысында миллиондаған батырымыздың көрсеткен ерлігін еске алатын, ардагерлерге құрмет көрсетіп, бізге бейбіт өмір сыйлаған қаһармандарды ұлықтайтын күн.

Павлодарлықтардың фашизмді жеңуге қосқан үлесі орасан зор. Майданға 46 мың адам шақырылды. Оның 22 мыңы шайқаста қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті. 10 мыңнан астам жерлесіміз жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды. Аймақтың 31 тұрғыны Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, 8-і Даңқ орденінің толық кавалері атанды.

Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктердің бағасын біліп, оны еселей түсу – біздің басты міндетіміз. Өкінішке орай, жыл сайын соғысқа қатысушылар саны азайып келеді. Бүгінде Павлодар облысында 8 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.

Ардагерлеріміздің қайсар батылдығы үшін бас иіп, тағзым етеміз! Батырларымызға мықты денсаулық пен амандық, ал барлық отбасыларға - бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!

Жеңіс күні құтты болсын!