Құрметті Отан қорғаушылар!
Қадірлі әскери қызметшілер!
Бүгін баршамыз еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күнін атап өтудеміз.
Өз отанын қорғаудан жоғары кәсіп жоқ. Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл толуда. Осы уақыт ішінде әскери күш мемлекет тәуелсіздігінің сенімді тірегіне айналды.
Бүгін біз өз өмірін қиын әскери қызметке арнаған, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын лайықты түрде қамтамасыз еткендерді құрметтейміз. Сондықтан еліміздің мүддесі мен қауіпсіздігін қорғауды жалғастырып жатқан барша ер-азаматтарға алғысымды білдіремін.
Еліміздің келешегі үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен бейбіт өмір тілеймін!
Мереке құтты болсын!