Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршамызды әртүрлі этностардың, діндер мен мәдениеттердің үйлесімді бірлігін қалыптастырған ортақ тарих біріктіреді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Сондықтан, бұл құндылықтарды нығайту - біздің келесі ұрпақ алдындағы ортақ борышымыз.
Павлодар облысы әрқашан көпұлтты келісім мен бірліктің жарқын үлгісі болып қала береді. Өңірімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде аймағымыз өркендеп, ілгері басып келеді.
Мерейлі мерекеде Сіздердің әрқайсыларыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және бейбітшілік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!