Өңір басшысы облыстың 2024 жылғы және 2025 жылдың I-тоқсанындағы экономикалық даму нәтижелері туралы баяндады. Барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Өңірге 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалуда.
Инженерлік инфрақұрылым жобалары басымдыққа ие. 30 км астам жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстары басталды, Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында 6 жылу магистралін салу жоспарланған.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасуда. Бүгінгі таңда ауыл халқының 99,1%-ы таза ауыз сумен қамтылған, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді дамытуға және оның тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға қатысты барлық тапсырмалары сапалы және уақтылы орындалуда. Облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі