Ақпараттық технологиялар колледжінде жасанды интеллект жобалары таныстырылды

Ақпараттық технологиялар колледжінде жасанды интеллект жобалары таныстырылды

Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар ақпараттық технологиялар колледжіне барып, жасанды интеллект және оны білім беру үдерісіне интеграциялау саласындағы студенттік жобалармен танысты. Зертханаларда студенттер графикалық дизайн, 3D модельдеу, прототиптеу, робототехника және виртуалды шындық саласында жасаған жобаларын көрсетті.

Сонымен қатар, өңір басшысы «Прототиптеу», «Графикалық дизайн», «Инженерлік графика» және «Бейнеөндіріс» бағыттары бойынша өтетін WorldSkills өңірлік чемпионатының барысымен танысты.

Студенттер алдында сөйлеген сөзінде Асайын Байханов заманауи IT-кадрларды даярлаудың маңыздылығын айтып, дуалды оқыту мен әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті.

- Дәл осы жерде өңірдің IT-қауымдастығы құрылуда. Біз үшін жасанды интеллектпен жұмыс істей білетін мамандарды даярлауға назар аудару маңызды. Цифрлық трансформация нақты құзыреті бар көшбасшыларды талап етеді және біз бұл бағытты білім беру жүйесінде әрдайым қолдайтын боламыз, - деп атап өтті әкім.

Сапар соңында облыс әкімі колледж амфитеатрында креативті жастармен кездесу өткізді. Одан кейін студенттермен - кәсіби шеберлік чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен бірге алма ағашының аллеясын отырғызуға қатысты.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев