Павлодар облысына Хорватия Республикасының елшісі келді

Павлодар облысына Хорватия Республикасының елшісі келді

Бүгін облыс әкімдігінде Павлодар облысы мен Хорватия Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов дипломатқа өңірдің экспорттық мүмкіндіктері, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары және өңірдің перспективалы бағыттары туралы айтты.

2024 жылы Павлодар облысының Хорватиямен сыртқы сауда айналымы 6,9 млн АҚШ долларына өсті, оның ішінде алюминий экспорты және вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар импорты есебінен.

Кездесу барысында Рефик Шабанович өзі өкілдік ететін ел сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ, дипломат сәуірдің соңында Астанада өтетін Қазақстан-Хорват бизнес-форумына өңірдің бизнес-қауымдастығын шақырды. Оған экономиканың түрлі секторларынан 28-ден астам Хорват компаниялары қатысады.

- Біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. «Сіздердің қолдауларыңызбен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеміз», - деді Рефик Шабанович.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев