Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Бүгін өңіріміздің барша мұсылман қауымы мәртебесі биік, ұлық мейрам Ораза айт күнін қарсы алады. Баршаңызды Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Рамазан айында облысымызда бірқатар қайырымдылық шаралары өтті.
Аталған шараларға жұдырықтай жұмылған барша жұртшылыққа ерекше алғысымды білдіремін. Әрбір жасалған жақсылық сауаптан жазылсын!
Берекенің бастауы болған бұл күн жақындарыңызбен қауышуға, ақ тілек пен жылы сөз айтуға себеп болсын.
Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Дұға-тілектеріміз қабыл болсын! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, еңселі еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Ораза Айт мейрамы құтты болсын!