Павлодарда Наурыз мейрамы жалғасуда

Павлодарда Наурыз мейрамы жалғасуда

Әрқайсысы ерекше мағынаға ие мерекелік іс-шаралар 14 наурызда - Амал күнімен басталды.
Бүгін Наурызнамның 8-ші күні - Ынтымақ күні облыс орталығының шағын аудандарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Өңір басшысы Асайын Байханов олардың бірнешеуін аралап өтті.

А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицейдің ауласында «Көктем» ауылы бой көтерді. Іс-шара қонақтарын шашумен қарсы алып, «Сарыарқа» аспаптық ансамблінің дәстүрлі әуезді күйі, билер мен әндер ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мұнда облыс әкімі ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарды, «Бесікке салу» рәсімін тамашалады.

Одан кейін өңір басшысы Наурыз мейрамын тойлап жатқан Олжабай батыр көшесі, 7/1 тұрғын үйінің ауласындағы мерекеге қатысты. Бауырсақ, наурыз көже және басқа да ұлттық тағамдармен дастархан жайған тұрғындармен кездесті.

Сонымен қатар, Қамзин көшесі, 33 мекен жайында орналасқан «Детвора» оқу кешенінің алаңындағы «Балалық шақ» ауылында да көңілді іс-шара өтті. Балалар әдеби-музыкалық композиция көрсетіп, барлығы қосыла «Ана» әнін шырқап, «Қара жорға» биін билеп, интерактивті ойынға қатысты.

Гагарин саябағындағы «Қуаныш» ауылында «Қазақстан алюминийі» АҚ азаматтары үшін ұйымдастырылған мерекелік мерекелер өтті. Би, әншілер мен домбырашылардың қойылымдары, сиқыршылар байқауы, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Наурызды ауқымды көлемде мерекелеу 22 наурыз күні облыстың орталық алаңында өтеді.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев