
Достық үйінде өңірдің шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтіп, 2024 жылғы мәдениет және өнер саласындағы жұмыстардың қорытындылары талқыланды. Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.
Өңір басшысы биылғы жыл мерейтойлық және мәдени іс-шараларға толы болғанын атап өтті. Біздің ұлы жерлестеріміздің мерейтойлары жоғары деңгейде атап өтілді, сондай-ақ, олардың бірқатар маңызды туындылары жарық көрді.
Облыс әкімі осы іс-шаралардың өтуіне атсалысып, Павлодар өңірінің мәдениеті мен өнерін дамытуға зор үлес қосқандардың барлығына алғысын білдірді.
- Ұлттық мәдениетіміздің асыл мұрасын сақтау, сондай-ақ, оларды келешек ұрпаққа жеткізу - баршамыздың парызымыз! Біздің өңірдің мәдени және рухани мұрасын дамытуға және нығайтуға қосқан зор үлестеріңіз бен игі еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғысымды айтамын, - деді Асайын Байханов.
Іс-шараға қатысқан 24 қатысушы өңірдің мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлестері үшін облыс әкімінің гранттарымен марапатталды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев