Бүгін инвесторлар үйінде облыс әкімі Асайын Байханов «Павлодар - ӘКК» АҚ жұмысының есебін тыңдады

Бүгін инвесторлар үйінде облыс әкімі Асайын Байханов «Павлодар - ӘКК» АҚ жұмысының есебін тыңдады

«Павлодар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Тимур Жантеміров 2023 жылғы жұмыстың қорытындыларын және осы жылға арналған жоспарларды баяндады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның табысы 239,7 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 32%-ға жоғары. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысына оң баға берілді: 192 шағын несие бөлініп, толық көлемде 1,5 млрд. теңге игерілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 250 млн. теңгеге шағын және орта бизнестің 5 инвестициялық жобаларын іске асыру көзделген.

ӘКК-нің басты міндеттерінің бірі - негізгі өнімдердің бағасын тұрақты ұстау. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 2,5 млрд. теңге сомасына 14 мың тонна өнім бар.
2023 жылы сауда объектілері арқылы 415 млн. теңге сомасына үстеме ақысы 10%-дан аспайтын 2 мың тонна өнім сатылды. «Jailau» фермерлік базарында 2,7 млрд. теңге сомасына 3,3 мың тоннадан астам өнім сатылды. 2024 жылдың басынан бастап 240 млн. теңгеге 686 тонна сатылды.

Асайын Байханов ӘКК жұмысының әрбір бағытын егжей-тегжейлі талқылады. Облыс әкімі «Павлодар» ӘКК» АҚ-ның «Достық» шағын ауданында салып жатқан 3 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді.
- Мен сізге мердігерлермен жұмыс істеудегі кемшіліктер, ӘКК тарапынан әлсіз бақылау, құрылыс мерзімдерінің сақтамалмағаны үшін ескерту жасаймын. Сізде әр жоба бойынша мерзімдері бар нақты жоспар болуы керек, - деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімі ӘКК қызметінің бағыттарын негізге ала отырып, биылғы жылға 3-5 KPI айқындауды және одан әрі даму тұжырымдамасын ұсынуды тапсырды.
- Корпорацияны дамыту жоспарында қызметтің нәтижелілік көрсеткіштері жоқ екенін атап өткім келеді. Бұл қызметтің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу бойынша толық баға беруге мүмкіндік бермейді, - деп қорытындылады өңір басшысы.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев