Павлодарда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Павлодарда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Естай атындағы мәдениет сарайында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай шығармашылық мамандық өкілдері салтанатты түрде марапатталды.

Облыс әкімі Асайын Байханов шабыт пен сұлулық сыйлайтын, Павлодар Ертіс өңірінің мәдени мұрасын сақтауға және еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жатқан барша жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

- Бүгінгі күн 4 мыңнан астам шығармашылық мамандық өкілдерін, мәдениет және өнер қайраткерлерін біріктіреді. Сіздер сияқты жарқын да бастамашыл жандар - біздің әлемді одан да жақсарта түседі, - деп облыс әкімі залда отырғандарды құттықтады.

Өңір басшысы қазіргі заманда рухани дамуға көңіл бөлу өте маңызды екенін атап өтті. Биыл мәдениет саласын қаржыландыру 20%-ға ұлғайды. Ақсудың ауылдық аймағындағы Алғабас, Баянауыл ауданының Ақши, Тереңкөл ауданының Береговой ауылдарында мәдениет үйлерін салуға және реконструкциялауға бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Павлодар жері - облысымыздан және елімізден тыс жерлерде танымал болған қазіргі заманғы танымал музыканттардың, суретшілердің отаны. Өңірдің талантты өкілдері халықаралық байқаулар мен фестивальдарда көптеген жеңістерге қол жеткізуде. Ал, «Шексіз», «Өнер додасы», «Жекпе-жек», «Жыл айтыскері» шығармашылық жобалары өңірдің визит карточкасына айналды.

Өңір басшысы аудан, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының, мұражайлардың, мұрағаттардың, кітапханалардың, мәдени-демалыс орталықтарының үздік қызметкерлерін, театр әртістерін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Марапаттау рәсімі концертпен аяқталды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев