Облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасады

Облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасады

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында облыс әкімі Асайын Байханов жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы баяндады.
Балалардың демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшін барлық мекемелердің мүмкіндіктері мен әлеуетін жұмылдыра отырып, кешенді түрде шаралар қабылдануда. Жазғы кезеңде 109 мыңнан астам оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 98,5%-ы демалыс пен жұмыстың әртүрлі нысандарымен қамтылады.

1 маусымнан бастап өңірде 782 мектеп жанындағы, қала сыртындағы және бейінді лагерьлер ашылады. Жалпыға бірдей білім беру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 12 мыңнан астам бала, жетім балалар демалады.
Оқу үздіктері, конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанған 875 ауыл баласы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан жолдама сертификаттарын алады.

Биылғы жылы өңірде колледждер базасындағы бейіндік лагерьлер желісі мен қызмет бағыттары ұлғайды. Мәселен, ақпараттық технологиялар колледжінде it – мектеп, ауылдық аграрлық-техникалық колледждерде - «Мамандықтар әлемі» лагерлері, педагогикалық колледжде – лингвистикалық алаңдар іске қосылады. Жарқын және қызықты демалыс үшін 16 шатырлы және киіз үй лагерлерінде отбасылық демалыс ұйымдастырылды.

«Ұлы дала кереметі» жобасы бойынша 1000 бала тарихи және киелі жерлерге саяхат жасайды. Баянауыл ауданында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қ.Сәтбаев - ұлт мақтанышы» тақырыптық ауысымдар, «ДАНА МҰРАСЫ» экспедициялық жасақтардың слеті жоспарланған.

Жасөспірімдердің еңбекпен қамтылуына ерекше көңіл бөлінді. Абаттандыру және көгалдандыру жасақтарына 9 мыңға жуық жоғары сынып оқушылары тартылады. Сонымен қатар, өңірдің кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары жасөспірімдерге арналған 6 300 жұмыс орнын құрды.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лагерьлерде, демалыс орындарында, су айдындарында, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде санитарлық нормаларды сақтау бойынша үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуде.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев