Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов «Fonet Er-Tai Mining» ЖШС компаниялар тобының басшылығымен кездесу өткізді. Мыс концентратын алу бойынша тау-кен кәсіпорнының байыту фабрикасы Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы Ак. Марғұлан атындағы ауылдың маңында орналасқан.
Қазіргі уақытта «Fonet Er-Tai AK MINING» ЖШС «Коджанчад кен көріністері тобының» кен орындарынан катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт салу» ірі инвестициялық жобасын іске асыруға кірісуде. Инвестиция көлемі 9,4 млрд теңгені құрайды. Өндіріс қуаттылығы - жылына 5000 тонна катодты мыс және 300 жұмыс орны ашылады.
Өңір басшысы инвестормен 2024-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңдерін талқылады. Бүгінгі таңда «KEGOC» АҚ-мен электр қуатымен қамтамасыз ететін желілерді салуға келіссөздер жүргізілді, қосылуға техникалық шарттар алынды, құжаттаманы рәсімдеу және геологиялық барлау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- Кәсіпорынды іске қосу елдегі мыс концентратын қайта өңдеуге және жоғары бағамен экспортқа бағдарланған өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл жоба өңірдің басым жобаларының пулына енуі тиіс деп санаймын, - деп қорытындылады облыс әкімі.
Бейінді басқармаларға жобаға қолдау көрсету және бақылауға алу тапсырылды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев