Павлодарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды жалпыұлттық экоакциясы өтті

Павлодарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды жалпыұлттық экоакциясы өтті

Облыс орталығында жаппай сенбілік өткізіліп, жүздеген түп ағаш отырғызылды. Өңір басшысы Асайын Байханов Благовещенск кафедралды соборының жанындағы скверге ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты. Осы жылдың қазан айында Қазақстанның бірегей сәулеттік құрылысына және ең әдемі храмдарының біріне 25 жыл толады.
235 қарағай мен 35 шыршаны отырғызуға депутаттар, ардагерлер, қоғам белсенділері, жастар да қосылды.

Қала әкімі өңір басшысына облыс орталығын одан әрі көгалдандыру жоспарларын таныстырды. Биыл Павлодар қаласының аумағында 20 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарлануда.
Жасыл белдеуде 10 000 түп ағаш отырғызылады. Қалалық учаскелерде 3000 ағаш отырғызылады. Күзде тағы 7000 жасыл желек отырғызылады. Сондай-ақ, Павлодардың негізгі көшелеріндегі шіріген ағаштар кезең-кезеңімен ауыстырылады.
- Мұның барлығы Павлодардың жасыл алабын ұлғайтады. Біз оған ең жасыл және әдемі қала даңқын қайтаруға міндеттіміз, - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі жасыл желектерге күтім жасалмаса және суарылмаса көгалдандыруға жұмсалған күш-жігердің зая кететінін еске салды. Өткен жылдың күзінде ол Павлодар әкіміне саябақтарға автоматтандырылған суару жүйесін орнатуды тапсырған болатын.
2023 жылы автоматтандырылған суару кешендері ғашықтар скверінде және орталық скверде орнатылды. Биыл осындай жүйелер орталық жағалауда, Конституция скверінде, Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің ауласында және Қаз қонақ табиғи ескерткіші аумағында пайда болады.

Ағаш отырғызғаннан кейін Асайын Байханов сенбілікке шыққан М. Жүсіп көшесі, 1 үйінің тұрғындарымен кездесті. «Березка» саяжайы маңындағы жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Бұл тазалық марафонының айрықша ерекшелігі - экологиялық акцияға қала тұрғындарының, спортшылардың, облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйым қызметкерлерінің жаппай қатысуы.

Облыс әкімі өңірдің тазалығына бей-жай қарамай «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев