Облыс әкімдігінде Павлодар қаласының дезинсекциялық науқанға дайындығы талқыланды

Облыс әкімдігінде Павлодар қаласының дезинсекциялық науқанға дайындығы талқыланды

Облыс орталығындағы өңделетін аумақтың көлемі - 8783 га құрайды, қосымша Жаңаауыл мен Зеленстрой шағын аудандары өңделеді - 50 га. «Бактицид» бактериологиялық препаратының қажетті мөлшері дайындалды, өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті техника мен адамдар жеткілікті.

15 сәуірден бастап су айдындарына мониторинг жүргізілуде, энтомологиялық тексерулер жүргізілді және шыбын-шіркейлердің өсуін бақылау нүктелері анықталды. Ғылыми топтың көрсеткіштері бойынша бару қиын жерлер әуеден өңделетін болады. Бұл Зеленстрой шағын ауданында жиналған сулар, екінші Павлодардағы технологиялық колледждің жанындағы қазаншұңқыр, Усолка шағын ауданындағы дренаждық арық, оңтүстік су қабылдау, АЭА, Успен көпірі аудандары, «Қазақстан алюминийі» АҚ зауытының маңы, Жаңаауыл шағын ауданы. Мамыр айынан бастап қалалық мердігер «дымқыл тұманмен» тосқауылды өңдеуді бастауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, мамандар жертөлелерді өңдеуге кірісті. Қала тұрғындарының өтініштері бойынша 65 жертөле өңделді. Жедел әрекет ету үшін 87075956447 нөмірі бойынша жедел желі ашылды.

- Облыс орталығының барлық бақылау нүктелерін тексеру қажет. Ерте кезеңде таяз су қоймаларын және жеке секторды, негізгі жасыл аймақтарды өңдеуге кірісу қажет. Сондай-ақ, саяжай учаскелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, шыбын-шіркейлердің өсуіне жағдай жасамау керек, - деп тапсырды Асайын Байханов.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев