Достық үйінде облыстық Экологиялық кеңестің отырысы өтті

Достық үйінде облыстық Экологиялық кеңестің отырысы өтті

Кеңеске облыстың үш қаласының әзірленген дендрологиялық жоспарлары ұсынылды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері мемлекеттік орман қорын және өңірдің санитарлық аймақтарын көгалдандыру мәселелерін талқылады.

Өткен отырыста өңір басшысы Асайын Байханов жасыл желектерді түгендеу және фитопатологиялық талдау негізінде облыстың барлық үш қаласының жаңа дендрологиялық жоспарларын әзірлеуді тапсырған болатын.

Павлодарда өңір басшысының тапсырмасы бойынша 200 мың ағаш пен талдарға түгендеу жүргізілді. Олардың тұқымдық, жас құрамына жасалған толық талдау цифрлық картаға енгізілді. Биыл «Қазақстан алюминийі» АҚ жасыл аймағының аумағында 8095 түп және қалалық учаскелерде 1660 түп ағаш отырғызу жоспарланған.
Екібастұз әкімдігімен 69992 жасыл желек есепке алынып, жасы мен тіркелген жері белгіленді. 10960 ағаш отырғызу жоспарланған. Ақсуда 2 538 көшет отырғызылады.

Қалалардың дендрожоспарларында топырақтың сапасы, белгілі бір ағаш түрлерінің нақты бір жерге отырғызылуының ғылыми негіздемесі және т. б. жазылған. Сонымен қатар, жоспар жалпы қолданыстағы аумақтардағы жасыл желектерді қорғауға арналған өзіндік грамота болмақ.
- Дендрожоспарлар - бұл тек ағаштардың саны туралы ғана графикалық құжат емес. Бұл іс-қимыл бағдарламасы, мұны қай жерде, қанша көлемде ағаш отырғызу керек, оларды қалай санитарлық кесу туралы ғылыми нұсқаулық десек болады. Бұл біздің алдағы іс-қимылдарымыздың егжей-тегжейлі нұсқаулығы, - деді облыс әкімі.

Қалалардың ұсынған дендрожоспарларын Экокеңес мүшелері қабылдады, сонымен қатар, олардың іске асырылуына қоғамдық бақылауды күшейту ұсынылды.

Сондай-ақ, Экологиялық кеңесте биылғы жылдың көгалдандыру жоспарлары, саябақтар мен скверлерге автоматтандырылған суару құрылғыларын орнату және басқа да мәселелер талқыланды.
Мемлекеттік орман қорында 24,5 млн көшет отырғызылады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарында 21 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарлануда. Автоматтандырылған суару жүйесі облыс орталығының 6 саябағы мен скверлерінде ұйымдастырылады, бұл ретте биылғы жылы 4 скверде орнатылады.

Асайын Байханов ағаш отырғызу технологиясының сақталмайтынына, кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймағында отырғызылған ағаштарға күтім жасамалмайтынына ерекше назар аударды.
- Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар отырғызылатын көшеттердің санын көбейтіп қана қоймай, олардың жерсінуін қамтамасыз ету қажет. Қазір бәрімізге дәл осы мәселені шешу маңызды, - деді Асайын Байханов.

Отырыстың қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдарға сарапшылар мен мамандардың айтқан ұсыныстарын ескере отырып, кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру мәселесін пысықтауды тапсырды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев