Ертіс ауданындағы су тасқынының жағдайы туралы

Ертіс ауданындағы су тасқынының жағдайы туралы

Ертіс ауданындағы Ұзынсу ауылын су басу қаупі туындауына байланысты 3 сәуір күні таңертең облыстық жедел штаб «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» республикалық маңызы бар автокөлік жолында қозғалысты жабу туралы шешім қабылдады. Даладан келген еріген су жолдың қазылған учаскелері арқылы ағызылды. Сол жерде Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов болды.
Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша судың деңгейі 15-20 см-ге төмендеді.

Сағат 17:30-да ауылға су екінші жағынан келіп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Қазіргі уақытта 6 тұрғын үйді су басу қаупі бар. Тұрғындар үйлерін өз беттерінше тастап шықты және қазір туыстарының үйлерінде.

Қазір сол жерде Ертіс ауданының әкімі, ТЖД бастығының орынбасары және аудандық ТЖБ басшысы бар. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардың ресурстары жіберілді. ТЖД күштері мен құралдары жолда.

Тұрғындарды эвакуациялаудың қажеті жоқ. Алайда, жергілікті мектепте эвакуациялық пункт ұйымдастырылғаны туралы халыққа хабарланды.
Мамандар жағдайды бағалау үшін аулаларды аралауда.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев