Кезекте тұрғандарға арналған 4 подъезді жаңа тұрғын үй Ладожская көшесі, 17/1 мекен жайы бойынша «Достық» шағын ауданында пайдалануға берілді. Бұл несиелік емес, өмір бойына жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй.
Пәтерлерді көп балалы отбасылар, жетім балалар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар алды. Кейбір жандар өз үйлерін 15 жылдан астам күтті.
- Облыс орталығында құрылыс қарқынының айтарлықтай өсуі байқалады, тек өткен жылы біз кезекте тұрғандардың санын 1 мыңнан астам адамға азайта алдық. Биыл «Достық» шағын ауданында 1 280 пәтерлі тағы төрт үй салу жоспарланған.
Құрметті жерлестер! Шаңырақтарыңыз жайлы, шаттық пен қуанышқа толы болуын тілеймін, - деп құттықтады Асайын Байханов.
Баспана алғандардың қатарында көпбалалы көпұлтты отбасы да бар.
- Мен үшін және отбасым үшін бұл үлкен қуаныш, біз ұзақ күттік және үмітімізді үзбедік. Әрбір адамның өз баспанасы болуы өте маңызды, - деп Оксана Марсаликова отбасылық қуанышымен бөлісті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев