Асайын Байханов облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттады

Асайын Байханов облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттады

Асайын Байханов облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттады.

Олардың қатарында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, ғылым, бизнес, өндіріс және өнер саласындағы таланттар бар.

Өңір басшысы жеңімпаздарды құттықтап, мемлекет әртүрлі салалардағы жастар жобаларын қолдайтынын және дамытатынын атап өтті.

- Біздің аймағымыз ешқашан ақылды және талантты жастарға кенде болған емес. Біз онымен мақтанамыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз салаларыңызда жетістікке жеттіңіздер. Әрбіріміз елімізді дамыту жолында өз рөлімізді түсінбей және жауапкершілік алуға дайын болмасақ, еліміз үшін маңызды міндеттерді тиімді шешу мүмкін емес, - деді облыс әкімі. 

Кездесуде Асайын Байханов «жастар саясатын» трансформациялау, жұмыстың жаңа формаларының қажеттілігі туралы көзқарасымен бөлісті. Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастардың сұраныстарын қанағаттандыру бағытында жұмыс істеп, әлеуметтік лифт қалыптастыруда жобалық әдістерді қолдануы қажет. 

Сондай-ақ, облыс әкімі студент және жұмыс істейтін жастарды біріктіретін «Креативті индустрия орталығын» ашуды, Президенттік кадрлық жастар резерві мысалында қабілетті жастарды анықтау жобасын әзірлеуді ұсынды. 

Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар сыйлығының 10 номинациясы бойынша 20 жеңімпаз анықталды. Адам өмірін сақтап қалғаны үшін: А. Марғұлан атындағы ПМПУ студенті Асан Асайынов және полиция департаментінің аға лейтенанты Олжас Тілеубергенов марапатталды. 

Бірқатар жастар өкілдері «Ауыл шаруашылығы қызметкері», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Медицина», «Өндіріс қызметкері», «Кәсіпкерлік», «Волонтерлік», «Мәдениет» номинацияларына ие болды. Лауреат атанғандардың әрқайсысына ақшалай сертификат табысталды. Жалпы жүлде қоры - 10 миллион теңге.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев