Облыс әкімі Асайын Байхановтың жыл сайынғы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен өтетін дәстүрлі кездесуі «Шаңырақта» өтті

Облыс әкімі Асайын Байхановтың жыл сайынғы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен өтетін дәстүрлі кездесуі «Шаңырақта» өтті

Облыс әкімі Асайын Байхановтың жыл сайынғы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен өтетін дәстүрлі кездесуі «Шаңырақта» өтті.

Облыс әкімі Павлодар Ертіс өңірінің шығармашылық әлеуетін атап өтіп, кездесуге қатысушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

- Өскелең ұрпақ сіздердің жазған шығармаларыңыздың негізінде өздерін танып, ойларын қалыптастырады. Сіздер адамзат әлемінің рухани және мәдени әралуандылығын жеткізудесіздер, - деп атап өтті өңір басшысы.

Мәдениет, әдебиет және өнерді дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Асайын Байханов шығармашылық зиялы қауымға әдеби сыйлықтар, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады. Облыс әкімінің арнайы марапаты 20 команда арасында «Хабар» телеарнасында 2 орын алған өңірдің айтыскерлеріне табысталды. 

Кездесу барысында қатысушылар өздерінің жаңа идеялары, ұсыныстары және пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ, әкімге шығармашылық мамандықтағы жандарға қолдау көрсеткені және оларға көңіл бөлгені үшін алғыстарын айтты.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев