Павлодарда Шапық Шөкин атындағы №9 мектептің жанынан қосымша жаңа ғимарат ашылды

Павлодарда Шапық Шөкин атындағы №9 мектептің жанынан қосымша жаңа ғимарат ашылды

Павлодарда Шапық Шөкин атындағы №9 мектептің жанынан қосымша жаңа ғимарат ашылды.

Бүгінгі таңда № 9 мектеп-гимназиясында 2392 бала білім алады, ал, ғимарат 1420 оқушыға арналған. Орын тапшылығы мәселесін шешу үшін мектептің негізгі ғимаратына қосымша 324 орындық төрт қабатты ғимарат салынды.

Бүгін бастауыш сынып оқушыларына арналып салынған жаңа ғимараттың ашылуына облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.

- Басты міндеттің шешілгеніне қуаныштымын. Қосымша ғимараттың ашылуы үш ауысымдағы мектептерді жоюдың тағы бір қадамы. Ұстаздар мен ата-аналарға шыдамдылық танытып, немқұрайлы қарамағандары үшін алғыс айтамын. Баршаңызға жоғары жетістіктер мен білім алу жолында табыстар тілеймін, - деді облыс әкімі.

Жаңа ғимаратта кең және жайлы кабинеттер, асхана, спорт залы орналасқан. Қонақтарға зерттеу жұмыстарына арналған стэм-зертханасы да көрсетілді. Мектепте мобильділігі төмен топтар үшін лифт қарастырылған. Акт залында заманауи лэд-экран және музыкалық жабдық орнатылған.

700 бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа ғимараттағы сабақтар үшінші тоқсаннан, яғни, 8 қаңтарда басталады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев