Павлодарда облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Павлодарда облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Балалар үшін жаңа жылдық ғажайыптар жалғасуда. Бүгін облыс әкімінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық шырша өтті. 

Мерекеге жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, олимпиада жүлдегерлері атанған 150 бала шақырылды.

Асайын Байханов балаларды құттықтап, мықты денсаулық, үздік баға, алға қойған мақсаттар мен армандарының орындалуына тілек білдірді.  

- Сәттілік әрдайым жігерлі және ізденімпаз, адал жұмыс жасап, жетістікке ұмтылатын жандардың жағында болады. Біз қалай оқу оқып, еңбек ететін болсақ, 2024 жыл солай болады. Сондықтан, білім алып, өз күштеріңе сеніңдер және ешқашан еңселеріңді түсірмеңдер, - деді аймақ басшысы.

Балақайлар үшін ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылым көрсетілді. Әр бала облыс әкімінің атынан құттықтау хатын, ойыншық, тәттілер, кітап және 130 мың теңгеге ақшалай сертификат алды. Іс-шара мерекелік дастарханмен аяқталды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев