Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзға жылу беру бойынша құрылған жедел штабтың отырысын өткізді

Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзға жылу беру бойынша құрылған жедел штабтың отырысын өткізді

Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзға жылу беру бойынша құрылған жедел штабтың отырысын өткізді. 

Таңертеңнен бастап Екібастұз ЖЭО-да 2 қазандық іске қосылды. ЖМ-7 және ЖМ-10 жылу желілері толығымен толтырылды. Бүгін тағы бес магистраль - 1, 3, 5, 8, 12 ЖМ толтырылады. Барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Өңір басшысы барлық жылу желілерін мұқият қадағалауды және тұрғындар тарапынан қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырды. 

Осыдан кейін Асайын Байханов бірнеше көпқабатты тұрғын үйді аралап, олардың жылу қабылдауға дайындықтарын тексерді. Сондай-ақ, Пішембаев көшесі бойындағы жеке сектор тұрғындарымен кездесті, олар үйлерінің маңындағы сумен жабдықтау желісінің жөндеу жұмыстарының барысын тексеруді сұрады. Учаскедегі жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, желінің тозған учаскесі ауыстырылуда. Жұмыстарды келесі аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев