Екібастұз ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі таңда 3 энергетикалық қазандық пайдалануға дайын және жылу беру маусымы басталғанға дейін тағы 3 су жылытатын қазандық агрегаты дайын болады. Қалған 4 қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Абай көшесіндегі 3 жылу магистралін (№4 мектептен Марғұлан көшесіне дейін) қайта жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды. Аталмыш 3 магистраль жоғары қысыммен сынақтан өткізіліп, қазір жуу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін М. Жүсіп көшесі бойындағы ЖМ-2 магистралін (Достық дүкенінен «Қазақстан» кинотеатры аялдамасына дейін) сынақтан өткізу жұмыстарына да кірісті. Мұнда жылу магистраліндегі жаңа және ескі құбырлардың түйіскен жерін қосатын тығыздағыш компенсатор істен шықты. Құбырлар зардап шеккен жоқ. Ертең түске дейін ақау жойылады, содан кейін осы магистральдық желіні сынау және жуу жұмыстары қайта жалғасады.
- Жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Жаңа желілер жоғары қысыммен тексерілуде, өйткені, осал тұстарын анықтап, анықталған ақауларды бірден жою үшін, - деп атап өтті облыс әкімі.
Көктемгі және күзгі гидравликалық сынақтардан кейін Екібастұздың жылумен жабдықтау желілерінде барлығы 388 ақау жойылды. Қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштер бойынша орамішілік жылу желілеріндегі 14 проблемалық учаскені жөндеу жұмыстары жалғасуда.
690 көпқабатты тұрғын үйдің 665-і жылуды қабылдауға толықтай дайын. 25 тұрғын үйде ішкі жылыту жүйелерін жөндеу, жуу, сығымдау жұмыстары аяқталуда.
- 1 қазаннан бастап Екібастұзда жылу беру маусымын бастау жоспарлануда. Жылуды қабылдауға дайындық бойынша барлық жұмыстар уақытында және барынша сапалы орындалуы қажет. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшуі керек. Жылумен жабдықтауды бастау бір бөлек, алайда, жүйені теңдестіру де маңызды. Жылу желілері қызметтері мен қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан ішкі жылумен жабдықтау жүйелерін реттеу және шеткі үйлердегі гидравликалық параметрлерді теңдестіру бойынша үйлесімді жұмыс қажет, - деді Асайын Байханов.
Сондай-ақ, өңір басшысы ЖМ-1 және ЖМ-3 жылу магистральдарын қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды тапсырды. Өйткені, бұған дейін 1973 жылы салынған аталмыш магистральдың М.Жүсіп көшесі бойындағы учаскесінде ақау орын алған болатын. Жұмыстар жүргізу барысында мамандар құбыр металының 3 мм-ге дейін жұқарғанын анықтады.
Сонымен қатар, Асайын Байханов жыл соңына дейін ЖМ 7/1 жаңа магистралінің құрылысын жүргізуді тапсырды. Бұл бір ауданның жылуды шамадан тыс көп алып, ал, екіншісінде жетіспеушілік болған жағдайда қаланың жылумен жабдықтау жүйесін теңдестіруге мүмкіндік береді.
Екінші көтергіш сорғыдан Екібастұз ЖЭО-на дейін техникалық судың жаңа резервтік магистралінің құрылысы жалғасуда. Жер жұмыстары жүргізілуде, желі орнатылуда, бекіту арматурасы күтілуде. Нысанды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
- Қаланы жылумен қамту мәселесі әрбір екібастұздықты алаңдатады. Біздің міндетіміз: барлық қажетті жұмыстарды сапалы орындауымыз қажет, өйткені, біздің сіздермен бірлесіп атқарған жұмысымыздың дәлелі үйлердегі тұрақты жылу болатындай, - деп атап өтті өңір басшысы жылу желілері қызметкерлері мен мердігерлерге айтқан сөзінде.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев