Ауа райы салқындағанға дейін Павлодар облысында бірнеше сенбілік өтеді

Ауа райы салқындағанға дейін Павлодар облысында бірнеше сенбілік өтеді

Өңір басшысы Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша коммуналдық қызметтер облыстың қалалары мен аудандарының аумағын тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстарды орындайды: жолдарды сыпыру, көгалдарды тұрмыстық қоқыстардан тазарту, скверлерді, саябақтар мен орамішілік аумақтарды тазалау және т. Б.

Тазалық марафоны екі кезеңде өтеді. Бірінші сенбілік 23 қыркүйекте, екіншісі – 30 қыркүйекте өтеді. Дәстүр бойынша, сенбілік кезінде қалалық полигондар қоқысты тегін қабылдайды. Алдын-ала өтінімдер бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері тұрғындарға мамандандырылған техникалар ұсынатын болады.

Павлодар Ертіс өңірінің тұрғындарын тазалық марафонына белсенді қатысуға және тазалық пен жайлылық орнатуға өз үлестерін қосуға шақырамыз!